• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Құрметті мұғалімдер, білім беру саласының қызметкерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мұғалімдер еңбегі әрдайым аса жауапты. Мұғалім тек білім беріп қана қоймай, оқушылар үшін адамгершіліктің жарқын үлгісі болып қала береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым жүйесін дамытуды еліміз үшін басты міндет деп атап көрсетті. Облыста осы бағытта ауқымды жұмыс жүргізілуде. Жаңа мектептер салынуда, бұрынғылары күрделі жөндеуден өткізілуде. Жаңа оқу жылы қарсаңында бес мектеп пайдалануға беріліп, 58 білім ошағы жөндеуден өткізілді. Біз барлық оқу орындарын қажетті заманауи құрал-жабдықтармен және зертханалармен қамтамасыз етудеміз.

Әйтсе де озық бағдарламалар, ең жақсы жабдықтары бар заманауи мектептердің өзі сіздердің бай тәжірибелеріңізді, шынайы шеберліктеріңізді, шығармашылық шабытты алмастыра алмайды. Ұстаздардың жаңа технологиялардан қалыс қалмай, үнемі біліктілігін арттырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп отырғандары барша қоғамды қуантады. Өткен оқу жылында ақмолалық оқушылар республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда жоғары жетістіктерге жетті.

Педагогикалық еңбек ардагерлеріне айрықша алғыс айтқым келеді. Сіздер ең жоғары атаққа, мерейлі марапатқа және шексіз құрметке әбден лайықсыздар. Мұғалім мамандық емес, нағыз кәсіп. Облыстың білім беру жүйесін дамытуға сіздердің қосқан үлестеріңізді түгел айтып шығу әсте мүмкін емес.

Құрметті ұстаздар!

Бүгінгі таңда сіздердің алдарыңызда өте маңызды міндеттер тұр. Ең бастысы, білім сапасын арттыру. Бүгінде тек озық ғылымы бар ұлт қана бәсекеге қабілетті және табысты бола алады. Жарқын болашақтың кілті сіздердің қолдарыңызда. Сіздер жасампаз да жеңімпаз ұрпақты тәрбиелеуді міндет етіп алғансыздар.

Сіздерге ел болашағы жолындағы қиын да жемісті жұмыстарыңыз үшін көп рахмет! Төл мерекелеріңізде шын жүректен зор денсаулық, отбасы амандығын, толайым табыс және өз салаларыңызда жоғары жетістіктер тілеймін!

  • 05.10.2023
  • 198
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика