- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
ҚР ҰЭМ мен Дүниежүзілік банк тарифтік әдістемені жетілдіру шараларын талқылады
Бүгін Астанада ҚР Ұлттық экономика министрі, Қазақстаннан Дүниежүзілік банктің басқарушысы Әлібек Қуантыров ДБ өкілдерімен кездесті.
Дүниежүзілік банктің мамандары көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру үшін коммуналдық кәсіпорындарды ынталандыруға, ресурстарды үнемдейтін инновациялық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ субъектілерге тариф шегінде шығындардың бір бөлігін қайта бөлу мүмкіндігін беруге және табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған жаңа тарифтік әдістеме жобасын ұсынды.
ҰЭМ басшысы халықаралық тәжірибені ескере отырып, тариф белгілеудің жаңа әдістерін қолдап, ұсынылып отырған шараларды қазақстандық шындыққа бейімдеу керектігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұсынылған әдістерді сәйкес есептеу үлгілерімен практикалық қолдану бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қызметкерлеріне және т.б. тренингтер өткізуге келісті, сондай-ақ пилоттық режимде ынталандыру тариф белгілеу әдісін қолдану мүмкіндігін қарастырды.
- 05.10.2023
- 152