- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Нұрлан Ноғаев: Ауыл шаруашылығын өңірлік дамудың негізгі мүмкіндіктерінің бірі ретінде қарастыру қажет
Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Қарақия ауданында жұмыс сапарымен болып, Бостан, Сенек және Құланды ауылдарының тұрғындарымен кездесулер және жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бірінші кезекте, Маңғыстау әкімі 1800-ден астам тұрғыны бар Сенек ауылында болды. Мұнда халық электр энергиясымен, орталықтандырылған тұрмыстық газбен және ауыз сумен 100% қамтамасыз етілген.
Ауылдағы жергілікті тұрғындардың көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады, мұнда 61 шаруа қожалығы тіркелген. Негізгінен түйе, жылқы және қой өсіру шаруашлықтары дамыған.
"Ауыл аманаты" жобасы аясында екі жергілікті тұрғын түйе шаруашылығын дамыту үшін несие алды.
Сенек ауылында ұзындығы бес шақырым ауылішілік автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізілген. 2023 жылдың соңына дейін тағы үш шақырымдық жол құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұл шаралар ауыл инфрақұрылымын жақсартуға және қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ауыл тұрғындары әкіммен кездесуге жиналып, маңызды мәселелерді талқылады. Тұрғындар жұмыспен қамту, спорт залына жөндеу жұмыстарын жүргізу, білім беру және медицина кадрларының жетіспеушілігі сияқты мәселелерге алаңдаушылық білдірді.
Одан әрі Нұрлан Ноғаевтың жұмыс сапары екі мыңнан астам тұрғыны бар Бостан ауылында жалғасты.
Бостан ауылының әкімі Шаттық Асанов ауылда 78 жеке кәсіпкер мен 69 шаруа қожалығы бар екенін айтты. Ауыл халқының табысын арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан “Ауыл аманаты" жобасы аясында бес ауыл тұрғыны бағдарламаға құжаттарын әзірлеген.
Мұнда ауыл тұрғындары келесідей мәселелерге қатысты сұрақтар қойды:
▪️Тұрғын үйлердегі газ құбырларын жөндеу;
▪️Интернет қолжетімділігі;
▪️Медициналық мамандар мен дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі;
▪️Жұмыспен қамту мәселелері.
Содан кейін өңір басшысы өткен жылы 40 жылдығын атап өткен Құланды ауылына келді. Мұнда қазіргі таңда мал шаруашылығы дамып келеді. Жергілікті шаруалар жылқы санын көбейтумен айналысуда.
2022 жылы Құланды Маңғыстау облысындағы ең үлгілі елді мекен деп танылып, ауыл әкімі "Үздік ауыл әкімі" республикалық байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпазы атанды.
✅Ауыл толығымен орталықтандырылған ауыз сумен және газбен қамтамасыз етілген, бұл жергілікті тұрғындардың жайлы өмірінің маңызды аспектісінің бірі болып табылады;
✅Ауылда 50 педагог бар және 600 бала оқитын мектеп жұмыс істейді;
✅Ауыл тұрғындары кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана алады. Мәселен бағдарлама шеңберінде екі ауыл тұрғыны 10 миллион теңге 2,5% жеңілдікпен несие алды, бұл кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға ықпал етеді;
✅"Ауыл аманаты" жобасы аясында ауыл тұрғындарының бес өтініші мақұлданды, тағы төрт адам құжаттарын ресімдеуде. Бұл ауыл тұрғындарының табысын арттыруға көмектеседі.
Алты шаруа қожалығы 8,5 миллион теңге алды. 2023 жылға жеті шаруа қожалығы үшін 13,9 миллион теңге көлемінде қаражат қарастырылды.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев халықпен кездесуде мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдауға бас назар аударылатынын айтты.
- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығына жан-жақты қолдау көрсетіледі. Ауыл шаруашылығы әр елдің экономикасында шешуші рөл атқарады. Мұнда өндірілетін өнімдер адамдарды киім-кешек пен тоқыма материалдарымен, азық-түлік және шикізатпен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Біздің өңірде ауыл кәсіпкерлігін дамыту үшін мемлекет субсидиялар және тиімді несиелік шарттар түрінде кең қолдау көрсетеді. Мұнай саласында өңір тұрғындарының барлығы бірдей жұмыс таба алмайды, сондықтан ауыл шаруашылығын дамыту және жаңа мүмкіндіктерге назар аудару маңызды, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.
- 05.10.2023
- 157