• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Асхат Шахаров: «Ақтөбе» индустриялық аймағы өңірдің экономикалық дамуы үшін зор маңызға ие

Облыс әкімі Асхат Шахаров «Ақтөбе» индустриялық аймағын одан әрі дамыту мәселелері бойынша көшпелі жиын өткізді.

Жиынға мемлекеттік органдардың және индустриялық аймақтың бірыңғай операторы «Ақтөбе» ӘКК басшылары қатысты.

«Президент инвестиция тарту бойынша бірқатар міндеттер қойды. Қазіргі уақытта экономикалық өсуді шектейтін негізгі мәселе — инвестицияның аздығы. Осыған байланысты біз инвестициялық белсенділікті ынталандыру бойынша бірқатар шараларды қолға алып жатырмыз. Біздің басты мақсатымыз – отандық және шетелдік инвесторларды тартатын қолайлы инвестициялық ахуал жасау. «Ақтөбе» индустриалды аймағының өңірдің экономикалық дамуы мен инвестиция тартудағы маңызы зор, — деді облыс әкімі Асхат Шахаров.

«Ақтөбе» ӘКК басқарма төрағасы Бауыржан Қайратов биыл атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Индустриалды аймақ аумағында жалпы мөлшері 29,5 млрд теңгеге 13 кәсіпорын іске қосылып, 755 жұмыс орны ашылған. Мұнда аумағы 135 гектар немесе индустриялық аймақтың жалпы алаңының 88 пайызын құрайтын жер учаскелері игерілген. Өңір басшысы бүгінгі таңда индустриалды аймақта бар болғаны 18 гектар жер бос екенін, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында жаңа индустриалды немесе арнайы экономикалық аймақты кеңейту немесе құру қажеттігі туралы атап өтті.

Бауыржан Қайратовтың айтуынша, инвестициялық келісімшарттарға қол қойылып, металлургия және мұнай-химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, ірі қара мал терісін өңдеу сияқты экономиканың басым салаларында жалпы инвестиция көлемі 234,1 млрд теңгені құрайтын 15 жобаны  жүзеге асыру жоспарлануда. Соның нәтижесінде 1143 жұмыс орны құрылмақ.

Биыл жыл басынан бері тамақ қалдықтарын қайта өңдеу, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын, теміржол дөңгелектерін, мұнай кәсіпшілік химия өнімдерін, газ жабдықтарын, өнеркәсіптік май және жем-шөп өнімдерін өндіру, картон-қағаз зауытының құрылысын жүргізу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру туралы келісімдерге қол қойылды. Қазіргі таңда целлюлозадан санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз өнімдерін өндіру жобасын жүзеге асыру үшін келісімдерге қол қойылуда.

Жиын барысында индустриялық аймақтың шешілмеген түйткілді мәселелері қаралды. Олардың қатарында электр қуатын арттыру және жоғары қысымды газ құбырының бір бөлігін реконструкциялау, индустриялық аймақ резиденттерін қамтамасыз ету үшін технологиялық су қоймаларын салу және т.б. мәселелер бар.

Облыс әкімі жауапты органдарға индустриялық аймақтың өзекті мәселелерін шешуді тапсырды. Бұдан өзге, индустриялық аймақтың инфрақұрылымын жақсарту, көлік жүйесін дамыту, энергия үнемдейтін технологияларды енгізу және индустриялық аймақты дамытуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және оның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мәселелер талқыланды.

  • 06.10.2023
  • 208
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика