- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2021 жылғы 07-12 қаңтарға арналған Каспий теңізі деңгейінің болжамы
Каспий теңізінде бүкіл Жердің ішкі суларының 40 пайызға жуығы бар. Каспий теңізіндегі судың тұздылығы Әлемдік мұхиттарға қарағанда үш есе төмен. Жүзден астам өзен теңізге құяды және олар оны тұщы сумен толтырады.
«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды. Орта Каспийде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 28,01 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,85 м төмендеп, минус 28,30 м шамасында болады деп күтілуде.
2020 жылғы 29 желтоқсан - 2021 жылғы 02 қаңтар аралығындағы кезеңде Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді. Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2021 жылғы 5 қаңтардағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті. Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында көрсетілген.
- 08.01.2021
- 264