- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылаулар өткізу туралы хабарландыру
Осымен 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстанда атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болғанын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, Жолдауда Қазақстан Республикасының Президенті референдум өткізу мерзімдері кейінірек белгіленетінін атап өтті. Референдум өткізу тәртібі 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен регламенттелген.
Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Көкшетау қаласының әкімдігі жария талқылаулар өткізуді жоспарлап отыр.
Жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысады. Жария талқылауларды өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрақтарын қоя алады.
Жария талқылау өткізілетін орны: Көкшетау қаласы, «Достар» МҮ.
Жария талқылауды өткізу күні мен уақыты: 2023 жылғы 16 қазан сағат 10:00-де.
Барлығын қатысуға шақырамыз!
- 10.10.2023
- 120