- Блогтар
- Бейсембаев Ғ.Б.
Бейсембаев Ғ.Б.
ҚР Оқу-ағарту министрi
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ БАСШЫЛАРЫНЫҢ КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ҚҰРЫЛАДЫ
Колледж басшыларының басқарушылық құзыреттілігін дамыту мақсатында 2025 жылға дейін кадрлық резерв құрылады. Оған 200-ге жуық маман кіреді. Колледж педагогтері мен басшыларының сапалы құрамын қалыптастыру мақсатында «мамандыққа бүйірлік кіру» мүмкіндіктері қарастырылған.
5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар өндірістен қабылданған педагогтерге аттестациядан өтпей «педагог-модератор» біліктілік санаты беріледі және жалақысының 30% мөлшерінде қосымша ақы төленеді. 10 жылдан астам өндірістік еңбек өтілі бар мұғалімдердің еңбекақысына 35% қосымша ақы қосылады және сарапшы санаты беріледі.
Бұдан басқа, биыл 30 мыңнан астам колледж педагогтері біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Республиканың барлық өңірлеріндегі курстар аясында колледж педагогтері 5 түрлі бағдарлама бойынша білім алуда.
- 10.10.2023
- 119