• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов Маңғыстау облысындағы коммуналдық және әлеуметтік нысандарды аралады

Өңірге жұмыс сапары барысында ол Ақтау қаласындағы «Каспий жылу, су арнасы» МКК-ның жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысты. Кәсіпорынның негізгі қызметі жылу энергиясын беру мен тарату, ауыз суды, техникалық және ыстық суды тасымалдау, сондай-ақ су бұру. Ұжымда 600-ден астам қызметкер бар.

Коммуналдық мекеменің өз балансында 1232 шақырым инженерлік желі, 11 қазандық, тазарту қондырғылары, кәріз сорғы станциялары мен орталық сумен жабдықтау торабы бар.

Сонымен қатар, ол «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында болды. АЭА аумағында вице-министр биг-бэг жұмсақ қаптама өндіру жобасымен, сорғы штангалары мен муфталарын шығаратын зауыттың қызметімен танысты.

Осы жерде бағдарламадан тыс вице-министр «Topan Chemical Industries» ЖШС-ға барды. Каустикалық сода мен құрамында хлор бар өнім өндіретін зауыттың жалпы құны - 6 млрд. теңге. АЭА аумағында кәсіпорынға жеңілдіктер мен преференциялар берілген. Атап айтқанда, корпоративтік табыс салығы, жер салығы, мүлік салығы, импорттық тауарға ҚҚС, импорттық кедендік баж, жерді жалдау ақысы нөлдік мөлшерлемемен есептеледі.

Арнайы экономикалық аймақта 55 қатысушы тіркелген. Оның 21-і өз жобасын іске асырған. Бүгінгі таңда салынған инвестиция көлемі 289,2 млрд. теңге. 3 мыңға жуық жұмыс орны құрылып, 423,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.

Бұдан ары Мұнайлы ауданы Дәулет ауылында Б.Құдайбергенов «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 200 орындық кітапханасы бар Мәдениет үйінің құрылыс барысымен танысты. Жобаның құны 656,3 млн. теңге. Нысанды тапсыру келесі жылға жоспарланған.

Сондай-ақ, ол Мұнайлы ауданының Баянды ауылында болып, «Ауыл-Ел бесігі» шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Бұл 259 млн. теңгеге автожолдың сыртқы электр жарығын орнату, 75,3 млн. теңгеге кентішілік автожолды орташа жөндеу және 60,7 млн. теңгеге көшені жарықтандыру.

Ағымдағы жылы «Ауыл – ел бесігі» шеңберінде Маңғыстау облысының 26 ауылында 78 жобаны жүзеге асыруға 9,8 млрд. теңге бөлінді.

Баянды ауылының Мәдениет үйінде Б.Құдайбергенов жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу кезінде спорт мектебін салу, "Бақытты отбасы" бағдарламасымен әлеуметтік тұрғын үй сатып алудың өлшемшартын қайта қарау, ең төменгі жалақыны ұлғайту, халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) төлеу, кәсіпкерлерге грант беру мен кепілсіз кредитке мемлекеттік қолдау көрсету кезіндегі өлшемшарттарды қайта қарау, қоқыс шығаратын кәсіпорындарды мемлекеттік бақылауға беру мәселелері көтерілді.

Вице-министр жұртшылық көтерген барлық мәселелер мен ұсыныстар міндетті түрде қаралатынын атап өтті.

  • 12.10.2023
  • 205
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика