• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ІІМ-де 9 айдағы жұмыстың нәтижесі қаралды

ІІМ-де 9 айдағы жұмыстың нәтижесі қаралды

ІІМ-де алқа отырысы өтті. Оған орталық аппарат пен аумақтық полиция бөліністерінің бастықтары, ведомстволық оқу орындарының басшылары және Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының командирлері қатысты.

Отырыс барысында ішкі істер органдарының ағымдағы жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындысы туралы айтылды. Жалпы, қоғамдық орындарда, соның ішінде көшелерде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың төмендеуі байқалады. Тонау, қарақшылық пен бұзақылық азайған. Күш қолдану арқылы жасалған қылмыстардың ашылуы жақсарды. Жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы іс-қимыл жеке қаралды.

Ержан Саденов мектептердегі қауіпсіздікті бақылауды күшейтуге баса назар аударды. Ол аумақтық полиция департаменттерінің басшыларына оқу орындарын бейнебақылау камераларымен және дабыл түймелерімен толық қамтуды, оларды жедел басқару орталықтарына шығаруды және “соқыр жерлерді” қалдырмауды, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлардың жұмысын қайта қарауды және жетілдіруді, балалардың құқықтарын қорғауға жедел уәкілдерді, учаскелік инспекторларды, патрульдерді жұмылдыруды тапсырды. Алқада қаралған тағы бір өзекті мәселе жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Биыл қабылданған шаралар нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының саны 4%-ға, қаза болғандар саны 2%-ға төмендеді.

Сонымен бірге электрлі самокаттар мен мопед жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Айта кету керек, 1 қыркүйектен бастап жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін 2079 самокат және 4838 мопед жүргізушісі жауапқа тартылды. Ведомство жұмысының негізгі бағыттарының бірі – есірткі қылмысына қарсы күрес. Жыл басынан бері бұл салада полицейлер 7 мың профилактикалық іс-шара өткізді. Ел аумағында 2700 есірткі сайты бұғатталды. Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, есірткі заттарын өткізудің 343 фактісі анықталды.

Ержан Саденов бейнебақылау жүйесін кеңейту құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмыстарды ашуда негізгі басымдық болатынын атап өтті. Биыл камералардың көмегімен 8 мыңға жуық қылмыс ашылып, 400 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Жиын соңында еліміздің бас полицейі департамент бастықтарына жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіптің сақталуын бақылауды күшейтуді, кадр саясатын жетілдіруді және жергілікті жерлерде профилактикалық жұмысты жандандыруды тапсырды.

 

  • 13.10.2023
  • 275
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

Сәденов Е.С.
(Мұрағат)

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика