- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Ақмола педагогтары тағы жеңіске жетті
Семей қ. техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіптік шеберлік конкурсы өтті.
Ақмола облысының командасы құрылыс саласы бойынша кәсіби шеберлік жарысына қатысты. Командасының құрамында - Көкшетау қ. жоғары техникалық колледждің өндірістік оқыту шебері С. Андиров және Көкшетау қ. құрылыс-технологиялық колледжінің өндірістік оқыту шебері А.Айтқожин.
Байқау қорытындысы бойынша тартысты бәсекеде біздің команда жеңімпаз атанды.
1-орын - Айтқожин А. «Сырлау және сәндік жұмыстар» құзыреті;
2-орын - Андиров С. «Кірпіш қалау» құзыреті
Құттықтаймыз! Жаңа жеңістер тілейміз!
- 15.10.2023
- 160