• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмола облысында "Білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есеп" пилоттық жобасын іске асыру басталды

Облыс әкімдігінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидің қатысуымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Талқылаудың негізгі мәселесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және білім беру саласындағы пилоттық жобаны іске асыру, сондай-ақ "Бизнеске жол" және " жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобаларының орындалу барысы болды.

Өңір басшысы мемлекеттің тұрақты дамуына кедергі келтіретін факторлардың бірі сыбайлас жемқорлық деп танылғанын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

"Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Атап айтқанда, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында көрсетілген іс-шараларды толық көлемде іске асыру қажеттігі туралы. Сыбайлас жемқорлықты анықтау мен жолын кесуге, әсіресе халықтың әл - ауқатына тікелей әсер ететін салаларда принципті тәсілді жалғастыру керек", - деп атап өтті М.Ахметжанов.

Сондай-ақ, қатысушылардың назарына жобалардың орындалуына ауданның әрбір басшысы мен әкімі дербес жауапты болатындығын айтты.

"Экономиканың барлық көрсеткіштері бойынша өсудің оң серпіні байқалады. Бірақ пішін емес, мазмұн маңызды. Мен өз әріптестеріме есеп үшін бюрократиялық орындауға жол бермеу туралы ескерткім келеді. Әрбір теңгенің мақсаты бойынша жұмсалуы үшін нақты өзгерістер, оң өзгерістер, нақты нәтижелер болуы тиіс. Ең бастысы, оның әсері болуы керек", - деді облыс әкімі.

Өз сөзінде Асхат Жұмағали, білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жүйелі проблемалар бар және әсіресе процестерді цифрландыруда үнемі жетілдіру қажеттігін айтты.

1Өткен айда Павлодар облысында қолданыстағы ақпараттық жүйе негізінде білім беру ұйымдарында Бірыңғай цифрлық есеп пилоттық жобасын іске қостық. Бүгін біз Ақмола облысында осындай жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл өңірдегі пилоттық жобаның ерекшелігі - оны облыстың жекелеген аудандарында екі компания жүзеге асыратын болады. Агенттік басқа әзірлеушілердің қатысуын шектемейді. Біз үшін нәтиже маңызды, яғни білім беру саласында ұрлық жасау себептері мен жағдайларын барынша жою", - деп хабарлады А. Жұмағали.

Отырыс барысында Агенттіктің 1-қызметі басшысының орынбасары Данияр Мағауиннің, Ақмола облысы бойынша ҚАПК басшысы Асхат Оразханның, сондай-ақ білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалиннің баяндамалары тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімдігі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арасында "Ақмола облысының білім беру ұйымдарында бірыңғай цифрлық есеп" пилоттық жобасын іске асыру туралы шешімге қол қойылды.

  • 15.10.2023
  • 208
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика