- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
Теміртауда жылыту маусымы бойынша кеңес өткізілді
Кеңесте ЖЭО жұмысы бойынша басшылардың есептері тыңдалды. Қалада екінші жыл қатарынан магистральдық желілерді ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы апаттар көп болған учаскелерге жөндеу жүргізілді. Осылайша жылу желілерінің тозу көрсеткіші 75% - дан 66,9% - ға дейін төмендеді. Апаттық жағдайларды барынша жылдам алдын алу үшін тиісті жұмыстар жасалуда. Бұл үшін 10 бригада жасақталып, олар қажетті техникамен және мамандармен толықтырылды. Қаланы тәуекел аймағынан шығару үшін желілерді жөндеу жұмыстары жалғасатын болады. Сонымен қатар орамішілік желілерді жөндеудің үш жылдық жоспарын әзірлеуді тапсырдым. Жылыту маусымын өткізу мәселесі қала әкімінің және менің ерекше бақылауымда екенін айтқым келеді.
- 17.10.2023
- 190