- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
Биыл Қарағанды облысында бес жаңа орман өртін сөндіру станциясы салынды
Соның ішінде Бұқар жырау ауданында да осындай станция салынды. Жаңа депо - модульдік үлгіде, заманауи техникамен жабдықталған және Белағаш орманшылығының аумағын табиғи өрттерден қорғауға арналған. Жаңа техника сатып алынды. Ғимаратта диспетчерлік қана емес, демалуға ыңғайлы орын да бар. Қазір мұнда 58 адам жұмыс істейді.
Жалпы, біз Қарағанды, Ақтоғай және Қу орманының материалдық-техникалық базасын нығайттық. Сондай-ақ, орманшылықтар қызметкерлерінің жалақысы да көтерілді. Шахтинскіде де орман питомнигі бар. Келесі жылы онда өрт сөндіру станциясын салуды жоспарлап отырмыз.
Биыл өрт аз болған жоқ, орман шаруашылығы қызметкерлерінің жұмысы күрделі әрі жауапты. Барлық өрт сөндірушілер мен орманшыларға олардың мамандыққа адалдығы мен табиғатымызды сақтаудағы керемет күш-жігері үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Біз бірлескен күш-жігерімізбен ормандарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды болашақ ұрпаққа сақтай алатынымызға сенімдімін.
- 17.10.2023
- 160