- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов XV KAZENERGY Еуразиялық форумының жұмысына қатысты
Панельдік сессия барысында Көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің 2060 жылға дейінгі Стратегиясын іске асыру мәселелері талқыланды.
А.Әбдікәрімов атап өткендей, Стратегия үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
энергияны өндіру мен пайдалану шығарындыларын декарбонизациялау
энергияны пайдаланумен байланысты емес шығарындыларды декарбонизациялау
кешенді іс-шаралар
Бұл ретте елдің ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан үшін бірегей энергетикалық ауысу моделін әзірлеу қажеттігі атап өтілді. ҰЭМ Экономикалық зерттеулер институтымен бірлесіп, Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Стратегиясын іске асыру жөніндегі жол картасын әзірлеуге бастамашы болды.
Панельдік сессияға қатысушылар төмен көміртекті дамуға көшу шеңберінде Қазақстан қабылдаған шаралардың маңыздылығын атап өтті.
- 18.10.2023
- 121