• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда әскери міндеткерлер "Батыл тойтарыс-2023" тактикалық-арнайы оқу-жаттығуынан өтті


Облыста өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың басшылығымен "Батыл тойтарыс-2023" тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

25744 әскери бөлімінің "Оймашы" полигонында тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өтті. Оған 5 офицер, 15 сержант және қатардағы жауынгерлерден тұратын 78 адамнан құралған Маңғыстау облысының аумақтық қорғаныс ротасы, Жаңаөзен қаласының әскери міндеткерлері қатысты. 

Сондай-ақ оқу-жаттығуға ҚР Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері, Әскери-теңіз күштері және Әуе қорғанысы күштері бөлімшелерінің әскери қызметшілері мен жауынгерлік техникасы жұмылдырылды.
"Батыс тойтарыс - 2023" тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы ағымдағы жылдың 9-18 қазан аралығында Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес ҚР Қарулы Күштері Бас штабының келісімімен өтті. 

Жаттығу алдында жауынгерлік техникамен танысытырылым ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу сценарийі бойынша заңсыз қарулы құрылымдар еліміздің аумағындағы қимылдарын бастады. Осыған орай Маңғыстау облысы әкімдігінің шешімімен өңірде аумақтық қорғаныс жоспары қолданысқа енгізіліп, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету және қорғау күшейтілді. Облыстық жедел штаб құрылды. 

Заңсыз қарулы құрылымның диверсиялық-барлау топтарының негізгі көздегені, халықтың бір бөлігі өмір сүретін маңызды әлеуметтік және мемелкеттік объектілері, өмір сүруді қамтамасыз ету объектілері болуы мүмкін. Маңғыстау облысының аумақтық қорғаныс роталарының әскери міндеткерлері заңсыз қарулы құралымдардың диверсиялық әрекеттерінің алдын алды. 

Тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларды өткізу барысында ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің, Әскери-теңіз күштерінің және Әуе қорғанысы күштерінің бөлімшелерімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. Қарақия ауданындағы "Құрық" теңіз портында аталған жасақтар сценарий бойынша белгіленген шартты шабуылға қарсы тойтарыс беруде өз шеберліктерін көрсетті.

Жиын соңында әскери міндеткерлерді марапаттау рәсімі өтті. Өңір басшысы оларға тактикалық-арнайы оқу-жаттығуға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етті.
 
- Сіздер Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігі мен бейбіт болашағы үшін елеулі үлес қосып келесіздер. Сіздердің әрқайсыларыңыз алдыңғы шепте тұрып, мемлекеттік шекараларды абыроймен, аса батылдықпен қорғайтыныңызға сенімдіміз. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысы, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен қажетті техника, қару-жарақ пен қорғаныс құралдарын қоса алғанда, сіздердің тиімді жұмыстарыңыз үшін барлық жағдай жасалуда. Шекара қауіпсіздігі – мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі. Сіздер әрқашан Президент пен Қазақстан халқы белгілеген жоғары стандарттарға сай болатыныңызға күмәніміз жоқ. Біз сіздерден төзімділік, батылдық, кез келген ықтимал қауіптерден шекарамызды қорғауда табандылық пен қырағылық күтеміз, - деп атап өтті облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

  • 18.10.2023
  • 176
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика