• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда Ақтау қаласының 60 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті

Ақтауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен қаланың 60 жылдығын атап өтті. Салтанатты рәсімде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан 60 азамат мерейтойлық медальмен марапатталды. Іс-шара барысында Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Түрксой халықаралық сыйлығының лауреаты Наталья Задерецкаяның "Ақтауға 60 жыл. Ақтауға деген махаббатпен" кітабы таныстырылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға қаланың алғашқы күндерінен бастап қалыптасуына үлкен үлес қосқан әр түрлі саладағы еңбек ардагерлері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Мәдени шарада «Ақтауға 60 жыл. Ақтауға деген махаббатпен» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Туынды шөл далада оазис орнатқан азаматтар туралы сыр шертеді. Кітап он тараудан тұрады. Онда Ақтау қаласының тарихы, алғашқы құрылысшылар, қаланың денсаулық, спорт, білім саласында жасалған жұмыстары жазылды. 246 беттік кітап қазақ, орыс және ағылшын тілінде 1000 дана тиражбен шығарылды. Кітаптың лентасын Ақтау қаласының қалыптасуына үлес қосқан азаматтар Николай Баев пен Совет Татамбаев қиды.

Сондай-ақ, Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің фойесінде ардагер фотограф Виктор Малюк ұйымдастырған және қаланың 60 жылдығына арналған фотокөрме өтті. 

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қала тұрғындарын осы айтулы мерекемен құттықтады.

-Қарт Каспийдің жағасында орналасқан ару қала - Ақтау алуан бейнелі, сан қырлы, тарихи тұрғыдан да көп қатпарлы шаһар. Қаланың қалыптасу тарихы  өлке экономикасының өркендеу кезеңдерімен тұспа-тұс келеді.  Қойнауы қазынаға толы құтты мекен ХХ ғасырда Маңғыстау түбегінде мұнай-газ, уран рудасы, битум, ұлутас, фосфориттер өндірісі сынды индустриалды үдерістердің жандануы Одақтың сан тарабынан ағылған жаңа қоныстанушылардың санының артуына септесті. Ал қазіргі таңда Ақтау қаласы Қазақстанның туристік орталығына айналып отыр. Әсіресе Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жасаған сапарында Каспий жағалауындағы мемлекеттермен бірлескен халықаралық жобаларды жүзеге асыруды қарастырып, әсіресе, круиз туризмін дамытуға шақырған болатын. «Маңғыстаудың ең ұтымды тұсы – Каспий теңізінің жағасында орналасуы. Соның арқасында жағажай туризмін дамытуға мүмкіндік бар», деген болатын Мемлекет басшысы. Осының бір дәлелі Ақтауда іске асырылып жатқан «Жылы жағажай» инфрақұрылымды дамыту жобасы осы бағытта жүзеге асырылып жатқан  ауқымды жобаның бірі. Қаламыз әрқашан өркендеп, дами берсін, - деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Ақтау 1963 жылы Каспий теңізінің жағасында бой көтерді. Қаланың архитектуралық жоспарын Михаил Ильич Левин жасаған. 

Қазіргі уақытта Ақтау қаласының халық саны 278 784 адамды құрайды, бұл облыстың жалпы халқының 35,7%-ы. Биыл қаланың негізгі капиталына 108,8 миллиард теңге инвестиция салынды. Тек 2023 жылы құны төрт миллиард теңге болатын екі жоба іске қосылды. Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін жалпы құны 29,7 миллиард теңге болатын екі инвестициялық жобаны бастау жоспарланып отыр, бұл 150 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 

Ақтаудың туризм саласында айтарлықтай даму байқалады. Биыл жазғы маусымда қалаға келген туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 38% - ға өсті. Жыл басынан бері қалаға 250 мыңнан астам турист келді.

  • 19.10.2023
  • 175
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика