• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда 2024 жылы көтерме-тарату орталығын ашу жоспарланған

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі жобаларды іске асыру өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте қаралды. Басты тақырыптардың  бірі - "Ақтау ОРЦ" көтерме-тарату орталығының құрылысы, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Дастан Мұраталиев өңірдегі бағаны тұрақтандыру шаралары туралы баяндама жасады. 

Оның айтуынша, қазір Ақтауда құны 3,5 миллиард теңгені құрайтын "Ақтау ОРЦ" көтерме-тарату орталығының құрылысы жүргізілуде. Онда 24 мың тонналық құрғақ қойма және 54 мың тонналық климаттық қоймалар болады, бұл бір уақытта 20 мың тонна көкөністі қоса алғанда, үлкен көлемдегі өнімдерді сақтауға мүмкіндік береді. Орталықтың ашылуы 2024 жылы күтілуде, содан кейін аймақтағы көкөністерді сақтау көлемі екі есе артады, бұл бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді және тұтынушыларға өнімді тікелей өндірушіден сатып алуға мүмкіндік береді.

Бағаны тұрақтандырудың тағы бір маңызды қадамы Ақтауда коммуналдық базардың салынуы болып табылады. Жоба нарықтық бағадан 50% төмен жалға берілетін 100 сауда орнын құруды көздейді. Нысанды 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланған. 

Ішкі нарықты жергілікті өніммен қамтамасыз ету мақсатында қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен ынтымақтастықта қазіргі уақытта Азық-түлік саласындағы ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. 

Сонымен қатар, 2023 жылдың басынан бері Жаңаөзендегі "Көркем Әлем" ет комбинаты 8 мың тонна ет пен ет өнімдерін ұсына отырып, толық қуатта  жұмыс істеуде. 
Мұнайлы ауданында жеке кәсіпкер жыл сайын 190 тонна қияр мен қызанақ беретін жылыжай кешенін пилоттық жоба режимінде іске қосты. 

Атқарлып жатқан жұмыстардың барлығының мақсаты- азық-түлік бағасын тұрақтандыру. Осы мақсатқа 2019 жылы жергілікті бюджеттен 4,8 млрд теңге бөлінді, бұл қаражат тұрақтандыру қорын қалыптастыруға және жалпы көлемі 9,8 мың тонна болатын 11 тауар қорын құруға бағытталады. Оның ішінде тауарларды өндіруге және белгіленген бағамен жеткізуге 1,6 миллиард теңге бөлінген. Бұл 10 кәсіпорынға 5,9 тонна болатын 11 түрлі тамақ өнімдерін төмен пайыздық мөлшерлемемен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған шаралар халық үшін азық-түліктің қолжетімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған және осы маңызды салада жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді.

Айта кетейік, жыл басынан бері 380 тонна тауар тұрақтандыру қоры арқылы сауда желілеріне жеткізілді. Әр аудандық және қалалық орталықта апта сайын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен көтерме жеткізушілердің жәрмеңкелері өтеді, онда азық-түлік тауарларының бағасы нарықтық бағадан 15-20% төмен. "Дана", "Дина", "Анвар", "Лидер", "Алтынфуд" және супермаркеттерді қоса алғанда, 283 сауда объектілерімен меморандумдар жасалды, онда ӘМАТ өнімдеріне сауда үстемесін 15% - дан асырмау бекітілген. 

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев азық-түлік бағасын төмендету бойынша жүргізіліп жатқан шаралардың маңыздылығын атап өтті.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына сапары барысында 2021 жылы біздің өңірде көтерме тарату орталығын салу туралы тапсырма берді. Бұл жобаны аяқтау тұтынушыларға делдалсыз тікелей фермерлерден азық-түлік сатып алуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде азық-түлік бағасының төмендеуіне ықпал етеді. Бұл, аймақтың географиялық ерекшеліктері мен климаттық жағдайлары және су тапшылығын ескеретін болсақ, өңір үшін айтарлықтай жетістік. Қазіргі уақытта әртүрлі аудандар мен қалаларда жәрмеңкелер өткізіліп, бірнеше жобалар қатар жүзеге асырылуда. Осыған қарамастан, аталған бағытта атқарылатын жұмыстар әлі бар, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

  • 19.10.2023
  • 166
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика