• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Республика күні қарсаңында «Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бағытында мәдениет пен өнер, әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыстар мен туындылар үшін» сыйлығын берудің салтанатты рәсімі өтт

Республика күні қарсаңында «Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бағытында мәдениет пен өнер, әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыстар мен туындылар үшін» сыйлығын берудің салтанатты рәсімі өтті.

​Сыйлықтар Мемлекет басшысының 2023 жылғы 27 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында айтылған бастамасы бойынша белгіленді.

​Сыйлықтың мақсаты – мәдениет және өнер қайраткерлерінің, жазушылар мен журналистердің мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайтудағы айрықша құнды үлесін мемлекет пен қоғам алдында тану болып табылады.

​Сыйлықтың бірегейлігі ретінде оның мемлекеттік сыйлыққа теңестірілгенін, екі жылда бір рет өткізілетіндігін, сондай-ақ еліміздегі мәдениетаралық және этносаралық қатынастарды нығайтуға бағытталғанын атап өтуге болады.

Сыйлық лауреаттары:

«Үздік кітапханалық жоба» номинациясы бойынша «Брайль жүесі бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Қазақтың халық ертегілері» жобасының авторы Нүрия Демалышқызы Баймуратова;

«Үздік қолөнер туындысы» номинациясы бойынша «ZEKEN MODA» ұлттық костюмдер коллекциясының авторы Қайролла Зекенұлы Әбішев;

«Үздік бағдарлама» (цирк өнері) номинациясы бойынша «Щелкунчик және Мышиный король» театрландырылған цирк спектаклі» жобасының авторы Нұрбақыт Әбдіғалиұлы Боқыбаев;

«Үздік бағдарлама» (музыка өнері) номинациясы бойынша «Ұлы дала мұрасы» концерттік бағдарламасының авторлар ұжымы – қоюшы хореограф Айгүл Әбікенқызы Тәти, қоюшы режиссер – Әсел Тілектесқызы Құрманбаева, костюмдер бойынша суретші – Мүслім Садықұлы Жұмағалиев;

«Үздік спектакль» (театр өнері) номинациясы бойынша «Құлагер» саундрамасының авторлар ұжымы – қоюшы режиссер Фархат Ерланұлы Молдағали, рөлдерді орындаушылар – Мақсат Қайратұлы Сәбитов, Әсет Иманғалиұлы Иманғалиев;

«Үздік фильм» (киноөнер) номинациясы бойынша «Композитор» толық метражды көркем фильмінің қоюшы режиссері және суретшісі Сәбит Құрманбеков;

«Баспа БАҚ-тағы мақала» номинациясы бойынша «И дольше века...» мақаласының авторы – Бахытжан Мусаханович Канапьянов және «Пауль Фридрих и Ольга Каспер. О любви к казахской песне» мақаласының авторы Ангальдт Марине Александровна;

«Интернет жоба» номинациясы бойынша «Soile» жобасы аясында мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту жөніндегі мақалалар топтамасының авторы – Динара Мыңжасарқызы;

«Телеарналардағы жоба» номинациясы бойынша «Единый народ» бағдарламасының авторы Белова Надежда Витальевна;

«Радио жоба» номинациясы бойынша «Казахстан без границ» бағдарламасының авторы Татьяна Сергазовна Жандильдина;

«Проза» номинациясы бойынша «Омартаның ойраны» шығармасының авторы Нұржан Қуантайұлы Қуантаев және «Алтыншаш» шығармасының авторы Серебрянский Юрий Юрьевич;

«Поэзия» номинациясы бойынша «Арараттан ескен леп» шығармасының авторы Ертай Ахатұлы Ашықбаев;

«Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша сыйлық «Мен әдепті баламын» шығармасының авторы Патигүл Масимовна Махсатова және «Дядя Ваня» шығармасының авторы Бейбіт Шегебайұлы Сарыбаев;

«Драматургия» номинациясы бойынша «Татулық деген бір сезім..» пьесасының авторы Жолтай Алмашұлы Алмашев.

Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаева жеңімпаздарды құттықтай отырып, мемлекеттің табысты дамуы, еліміздегі кез келген ауқымды өзгерістер бейбітшілік пен азаматтардың бірлігі нәтижесінде мүмкін болатынына және осының бәрі – мемлекет саясатының басым бағыты екеніне қатысушылардың назарын аударды.

Сонымен қатар, Министр аталған сыйлықтың басқа да ұлттық және мемлекеттің сыйлықтардың, атап айтқанда Абай стипендиясының, Ұмай, Үркер, және Тұмар сияқты қатарына Қазақстанда этноаралық келсімді қамтамасыз етудің жаңа әрі тиімді механизіміне айналатынана сенім білдірді.

Жеңімпаздарға дипломдар тапсырылды, ақшалай сыйлық қарастырылды.

Марапаттау рәсімінде лауреаттарға құттықтау сөздер және тілектер айтылды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

  • 24.10.2023
  • 229
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика