• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«АкМэз» тазартылған күнбағыс майын өндірмек

Хромтау ауданына  жұмыс сапары барысында облыс әкімі Асхат Шахаров «АқМэз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің май экстракциялық зауытының жұмысымен танысты.

Бұл кәсіпорынның  алдына өндіріс  көлемін ұлғайтып, майды тазарту цехын салу міндеті қойылып отыр. Міндеттің үдесінен шығу өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және тазартылған күнбағыс майының бағасын тұрақтандыруға оң ықпалын тигізеді. Қазіргі уақытта зауытта шикі күнбағыс майы өндіріліп, күнбағыстың қабығынан мал азығы (шрот) дайындалады.

Кәсіпорынның шешімін күткен мәселелерінің бірі —  былтыр салынған су құбырын іске қосу. Зауыт әзірлеген бұл жоба «Бизнестің жол картасы – 2020-2025» бағдарламасы аясында қаржыландырылды. Алайда, қазіргі уақытта ұңғымадағы су құбыр арқылы берілмей отыр. Мамандар әзірге оның себебін анықтай алмауда. Ал су құбырынсыз май тазарту цехын кеңейтіп, іске қосу мүмкін еместігі айтылды. 

Облыс әкімі бұл мәселені шешу үшін жергілікті билік кешенді шаралар қабылдауы керектігін қадап айтты.

«Кемшіліктерді анықтап, оларды жою қажет. Өндіріс көлемі арттыруды мақсат етіп отырған кәсіпорынды қолдауымыз керек. Себебі цехтың іске қосылуы, яғни, май өңдеу ісін дамыту ішкі нарыққа да тиімді», — деді Асхат Шахаров.

Сонымен қатар күнбағыс өсіруге субсидия төлеу, минералды тыңайтқыштар алу, күнбағыс аяз басталғаннан кейін жиналатындықтан, жазғы дизельдік отынмен емес, қысқы отынмен қамтамасыз ету мәселелері де сөз болды. Аймақ басшысы бұл мәселелердің шешілуі өз бақылауында болатынын айтты.

  • 27.10.2023
  • 165
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика