• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әлеуметтік нысандар құрылысымен танысты

Хромтауға барған сапарында облыс әкімі Асхат Шахаров аудан орталығындағы әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен де танысты.

Хромтауда салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің мердігер ұйымы «Бабек Құрылыс» ЖШС жұмыстың келісімшарт мерзімін ұзартуды сұрап отыр. Бұл мәселені уәкілетті органдар қарастыруда.

Мәдениет үйінің құрылысы жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Құны 1,1 млрд теңгені құрайтын жобаны ERG компаниялар тобы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қолға алған. Жоспарға сәйкес, нысан құрылысы 2024 жылы аяқталады. Аудан әкімі Нұрхан Тілеумұратовтың айтуынша, бүгінде ауданда кинотеатр жоқ, мәдениет үйіндегі жаңа кинотеатрдың ашылуы тұрғындар үшін үлкен жаңалық болмақ.

Облыс әкімі ғимараттың қасбеті мен кіреберісіне қатысты ескерту айтып, сол жерден су бұру жүйесін реттеу мәселесін де қарастыруды тапсырды.

Асхат Шахаров облыс әкімдігі мен ERG компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылып жатқан Абай, ағайынды Жұбановтар мен Л.Чайкина атындағы көшелердегі көпқабатты үйлердің абаттандырылған аулаларын аралап көрді. Аулаларға асфальт төселіп, автотұрақтар жасалған, заманауи балалар және спорт алаңдары орнатылған.

«Ақтөбеден немерелеріміз келіп тұрады, аулада таңертеңнен кешке дейін ойнайды, кеткісі келмейді», — дейді тұрғындар.

Облыс әкімі аулаларды абаттандыру жұмыстары облыста одан әрі жалғасатынын алға тартты.

«Тек облыс орталығында ғана емес, барлық елді мекендерде азаматтардың жайлы өмір сүруіне бірдей жағдай жасалуы керек. Сіздерге өтініш — мына жерге  ағаштар, бұталар егіп, аулаларыңызды көгалдандырып, балаларыңызды ортақ мүлікке қамқорлықпен қарауға үйретіңіздер», —  деді Асхат Шахаров тұрғындарға.

Биыл Хромтау қаласында 10 ауланы абаттандыру аяқталады.

Сонымен қатар облыс әкімі кітапхана мен спорт залының төбесінен су ағып тұрған №4 орта мектеп ғимаратында  күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру мәселесін шешуді тапсырды. Тозығы жеткен әлеуметтік нысанның басқа да мәселелері бар.  Аймақ басшысы бұл мәселелердің тез арада шешімін табуы қажет екенін баса айтты.

Хромтауда Асхат Шахаров ескі «Балдәурен» балалар ойын кешенінің негізінде құрылған «Авеню» ойын-сауық кешенін де аралады. Бұрын «Балдәурен» Дөң тау-кен байыту комбинатына қараған. Кешен ұзақ жылдан бері жұмыс істемей, биыл көктемде аудан әкімдігінің балансына өтті. Кейінірек жеке инвестор тартылып, саябақ «Техгазмонтаж» ЖШС сенімгерлік басқаруына берілді.

Саябақ аумағы толығымен абаттандырылып, кафе мен жарыс жолы қалпына келтірілді. Карусель, сырғанақ, батут, қайықтары бар жасанды көлшік секілді жаңа аттракциондар орнатылды.

Облыс әкімі Хромтаудағы тау-кен техникалық колледжінде тұрғындарды қабылдап, мұң-мұқтажын, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Аудан тұрғындары түрлі мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі Хромтау қаласының орталық қазандығының да жұмысын қарады. Дөң тау-кен байыту комбинатының балансындағы қазандық биылғы жылыту маусымына уақытылы дайындалған. Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы аясында қаладағы су жылу желілері мен қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Зауыт энергетиктері қала көшелерінің біріндегі су құбыры мен жылу желісінің бір бөлігін ауыстырып, суармалы су құбырын, сондай-ақ №11 кәріздік сорғы стансасын жөндеуден өткізді. Қазандық жабдықтарын тексеру және профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұның барлығы қазандық жабдықтарының пайдалану мерзімін ұзартып қана қоймай, моноқала тұрғындарының үйлерін жылумен үздіксіз және ақаусыз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  • 27.10.2023
  • 177
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика