• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі Үшқұдық ауылында жаңа мектеп жобасын әзірлеуді тапсырды

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Алға ауданының әкімдігіне мектепке қатысты жұмысты мейлінше жуық арада аяқтауды тапсырды.

Бүгін өңір басшысы Алға ауданына жұмыс сапары аясында Үшқұдық ауылындағы Үшқұдық орта мектебінде болды.

1979 жылы салынған мектеп 2021 жылы күрделі жөндеуден өткен. Оқу ордасында 320 оқушы білім алады. Мектепте баланың оқуына және жеке тұлғаның шығармашылық дамуына мүмкіндіктер жасалған. Алайда мектептің спорт залы стандартқа сәйкес келмейді.

Сондай-ақ, жылдан-жылға ауылда тұрғындар саны өсуде. Сәйкесінше, оқушылар қатарының артуы байқалып, орын тапшылығы болуы мүмкін.

«Мектеп ғимаратына жапсарлас құрылыс салу қажеттігі болғанымен, ол - уақытша шешім. Бала саны көбейіп жатыр. Жаңа мектеп салмасақ, үшауысымды оқытуға ауысып кетуіміз мүмкін. Тез арада Білім басқармасымен бірлесе отырып, жоба дайындауды бастаңыздар», - деп облыс басшысы Алға ауданының әкімі Нұрбол Ержановке тапсырма берді.

Сондай-ақ, жаңа мектеп ғимараты Алға ауданының Талдысай ауылына, мектеп құрылысына ЖСҚ дайындау Тікқайың және Еркінкүш ауылдарына қажет. Биыл жыл соңына дейін Маржанбұлақ ауылының шығыс бөлігіндегі 300 орындық мектеп құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.

  • 27.10.2023
  • 199
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика