- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2021 жылғы 14-19 қаңтарға арналған Каспий теңізі деңгейінің болжамы
Каспий теңізінің, оның жағасында тұрған немесе тұратын әртүрлі халықтар берген жетпіске жуық атауы белгілі.
Каспий теңізі Еуропа мен Азия шекарасында орналасқан.
«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды. Орта Каспийде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 27,92 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,84 м төмендеп, минус 28,25 м шамасында болады деп күтілуде.
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде, Қазгидрометтің теңіз станциялары мен бекеттерінің жедел деректері бойынша: Пешной, Жанбай, Құлалы аралы және МГ Тюлений аралы (Росгидромет), теңіз деңгейінің орташа мәні минус 28,27 м белгісіне сәйкес келді.
Қазгидрометтің теңіз станциялары мен бекеттерінің жедел деректері бойынша: Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Росгидромет (МГ Махачкала) Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні, оның терең су бөлігінде минус 28,31 м, ең жоғары - минус 28,02 м, ең төмен-минус 28,80 м белгісіне сәйкес келді.
2021 жылғы 07-12 қаңтар аралығындағы Каспий теңізі су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді. Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2021 жылғы 5 қаңтардағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті. Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында көрсетілген.
- 15.01.2021
- 349