- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Көлік министрі өңір тұрғындарымен кездесті
Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Марат Қарабаев өңір тұрғындарымен кездесіп, облыс орталығында азаматтарды қабылдады.
Қала тұрғындары ведомство басшысына жылу электр орталығы, мемлекеттік жергілікті электр станциясы және басқа да кәсіпорындар үшін көмір тасымалдауды қамтамасыз етуге қатысты сұрақтармен және басқа да жеке мәселелер бойынша жүгінді. Сондай-ақ облыс тұрғындарының басым көпшілігі жергілікті автожолдардың сапасына сын айтты. Олардың қатарында, республикалық, облыстық және жергілікті деңгейдегі жолдар бар. Бұдан бөлек, теміржол вокзалдарының жай-күйі, билет бағалары, авиабилеттердің қолжетімсіздігі мәселелері сөз болды.
Қабылдау барысында өңір тұрғындарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толыққанды жауаптар қайтарылды. Айта кетерлігі, бұған дейін Көлік министрінің қабылдауына өтініш білдірген азаматтардың барлығы кездесуге шақырылған болатын. Алайда, кездесуге ниет білдірген өңір тұрғындарының кейбіреуі қабылдауға келмеді.
- 27.10.2023
- 187