• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбеде «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты дәстүрлі Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы өтті

Сессияның негізгі тақырыбы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында берген тапсырмаларын орындауға арналды.
 
 Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, депутаттар, кәсіпкерлер, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қоғамдық келісім, аналар мен ақсақалдар кеңестерінің мүшелері, ғылыми сараптама тобы, зиялы қауым өкілдері, ҚХА жастар қанаты қатысты.
 
 Сессияны Ақтөбе облысының әкімі – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Асхат Шахаров ашты.
 
 Облыс әкімі Ассамблея еліміздің саяси жүйесінің маңызды бөлігі екенін және қоғам бірлігін нығайтуға зор үлес қосатынын атап өтті. Былтыр Ассамблеяны дамыту тұжырымдамасы бекітілді, одан әрі жұмыстың басым бағыттары айқындалды. Басты міндеттердің бірі – жұртшылықты азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға тарту.  
 
 «Әлемдегі жағдай тез өзгеруде, этносаясат мәселелеріне мұқият қарау қажет, өйткені келісім мен бірлік – табысты мемлекеттің басты кепілі. Қазақстан – достықты, үйлесімділік пен келісімді нығайтуға өзінің баға жетпес үлесін қосып отырған ел. Біз елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін тынымсыз еңбек етуіміз керек. Ортақ қасиетті міндетіміз – халықтың бірлігін нығайту және елдің өркендеуі жолында аянбай еңбек ету. Ел Президенті алдымызға нақты міндеттер қойды, біз бірлесіп, оларды іске асыруымыз керек», - деді Асхат Шахаров.  
 
 Күн тәртібінде облыс ҚХА қызметінің қорытындылары мен міндеттері, білім беру ұйымдарындағы «Біз әртүрліміз, бірақ теңдейміз» және «бірлігіміз – әралуандықта» қағидаттарын іске асыру, Мәртөк ауданында этностардың интеграциялық әлеуетін нығайту, халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және басқа да мәселелер талқыланды. Облыс ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қорғанбаева, облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан, «Шатлық» татар-башқұрт орталығы» облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Эльвира Хабибуллина, облыс ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Сергей Вишняк баяндама жасады.
 
 Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес кеңестердің құрамы мен облыстық ҚХА мүшелеріне қатысты өзгерістер енгізілді және бекітілді.
 
 Сонымен қатар, бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуға сіңірген еңбегі үшін бірқатар ақтөбелік ҚР Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан марапаттарға ие болды. Сонымен қоса, сығандар этномәдени бірлестігінің негізін қалаушы Елена Дмитриева «Бірлік» алтын медалімен, Нурия Акчурина, Светлана Балпейісова, Ираклий Козмов – ҚХА Құрмет грамоталарымен, тағы төрт адам ҚХА алғыс хатымен марапатталды. Этномәдени бірлестіктердің басшыларына облыс әкімі – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Асхат Шахаровтың атынан алғыс хаттар табыс етілді.

  • 27.10.2023
  • 215
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика