• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбеліктер мемлекеттік наградаларға ие болды

Республика күні қарсаңында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ақтөбелік азаматтарға  мемлекеттік наградалар табыстады.

Салтанатты шараны ашқан облыс әкімі жиналғандарды Республика күнімен құттықтады.

«25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы Декларация қабылданып, әлем картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Осы күннен бастап біз шекарамызды шегендеп, көнеден жеткен дәстүрімізді, қастерлі мәдениетімізді, қасиетті тілімізді жаңғыртуға жол аштық. 2022 жылы Мемлекет басшысының ұсынысымен  Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке екендігін ерекше атап өтті. Бүгінде елімізде әділетті Қазақстанды құруға, саяси және экономикалық жүйелерін жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалар жүргізілуде. Қазақстан елді жаңғыртудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Қоғамдағы татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз болып отыр», - деді Асхат Шахаров.

Өңір басшысы барлық келелі істер, өзгерістердің  табысты іске асырылуы –  әрбір қазақстандықтың нақты іс-әрекетіне байланысты екенін, бұл ұстанымға берік Ақтөбе облысының тұрғындары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келе жатқандығын тілге тиек етті.

«Отыз үш жылда облысымызда 400-ге жуық білім ошағы, 179 медициналық, 712 спорттық нысан салынып, халық рахатын көріп отыр.  Биылғы жылдың өзінде Ұлттық жобалар аясында өңірде 20 мектеп,15 денсаулық сақтау нысаны салына бастады, жобалар 2025 жылға дейін іске қосылады. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері облыста 13 млн 622 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Жыл санап құрылыс жұмыстарының да қарқыны артып келеді. Оның ішінде әлеуметтік саланы дамытуда шағын және орта бизнес саласындағы   жеке сектордың үлесі басым. Өңірде жаңа жолдар салынып, өндіріс орындары ашылып жатыр. Көгілдір отын, сапалы ауызсумен қамту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ақтөбе облысы ірі өнеркәсіптік аймаққа, елдің батыс өңірінің мәдени, білім беру және ғылыми орталығына айналды. Бұл –  сіз бен біздің бірлесе атқарған жұмысымыздың нәтижесі, тынымсыз еңбектің айқын көрінісі», - деп атап өтті Асхат Шахаров.

Салтанатты марапаттау рәсімі басталмас бұрын, облыс әкімі елордада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен салтанатты рәсімде қазақ елінің мақтаныштары, жерлестеріміз Димаш Құдайберген мен Максим Самородов жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болғанын атап өтті.

Ақтөбеде өткен мерекелік шара барысында облыстың тағы 39 азаматына мемлекеттік наградалар табысталды. Олардың әрқайсысы елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосып жүр. Мемлекет басшысының Жарлығымен жоғары марапатқа ие болғандар III дәрежелі «Парасат», «Құрмет», «Еңбек Даңқы» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымеөөө және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

  • 27.10.2023
  • 217
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика