• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбеде салынып жатқан спорт кешендері – жіті бақылауда

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қаладағы бірнеше спорт нысандарын аралады. Мақсат – құрылысы жүріп жатқан нысандардың өзекті мәселелерімен танысып, шешу жолдарын қарастыру.

Алдымен, өңір басшысы «Химик» стадионы базасында тұрғызылып жатқан «Балалар футбол академиясына» барды. Жоба құны – 3 млрд теңгеге жуық. Қазіргі таңда нысандағы құрылыс жұмыстары 85%-ға орындалған. Жабық футбол манежін жасау үшін қажетті құрылыс заттары Словениядан жеткізілсе, құрылысшылар футбол алаңының төбесін жабу жұмыстарына кіріседі. Асхат Шахаров мердігер компания басшысына спорт ғимаратын жыл соңына дейін пайдалануға беруді тапсырды.

Сондай-ақ, 2023 жылдың соңына дейін 8 шағын ауданда салынып жатқан ангар типті спорт кешенінің де құрылысы аяқталуы тиіс. Құрылыс компаниясы кешеннің еденін жасап, әрлеу жұмыстарын бітіруі керек. Облыс әкімі нысанға жауаптылардың алдына осындай міндет қойды.

Облыс орталығындағы проблемалық нысандардың бірі –  «Алтын орда» (бұрынғы «Батыс-2») ықшам ауданындағы дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт кешені. Қажетті материалдар бағасының өсуі – құрылыстың тоқтауына себеп. Жоба түзетуді талап етеді. Өңір басшысы мемлекеттік орган басшыларына кешен жобасын қайта қарап, тиісті шешім қабылдауды жүктеді. Мердігерге 2024 жылдың екінші жартыжылдығында ғимаратты халық игілігіне беруді міндеттеді.

 «Дельфин» №6 Ақтөбе қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жөндеуді қажет етеді. Жарты ғасырдан астам тарихы бар нысанның жай-күйін арнайы комиссия тексеруден өткізуде. Ғимаратты толықтай аралап шыққан Асхат Шахаров сараптама қорытындысына қарай, мұнда қандай құрылыс жұмыстары жүргізілетінін анықтап, тез арада тиімді шаралар қабылдау керектігін алға тартты.

Жалпы, өңір басшысы әлеуметтік нысандардың құрылысы уәкілетті мемлекеттік органдардың жіті бақылауында болуы тиіс екенін атап өтті.

  • 30.10.2023
  • 175
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика