• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда Түркия Республикасының 100 жылдығы аталып өтті

Ақтау қаласында өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен Түркия Республикасының 100 жылдығы аталып өтті. Салтанатты іс-шараға Түркияның Маңғыстау диаспорасы мен түрлі сала өкілдері қатысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Нұрлан Ноғаев мерейтой күніне орай бауырлас халыққа құттықтау сөз сөйлеп, бұл іс-шара елдер арасындағы достық пен екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға одан әрі ықпал ететінін атап өтті.

- Түркияның Ақтаудағы құрметті Бас консулы, Сабри Альптекин мырза,
құрметті қонақтар, сіздерді Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуымен құттықтаймын. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан мен Түркия президенттері ынтымақтастық пен достастықтың тамаша үлгісін көрсетіп келеді. Бұл біз үшін, бауырлас елдер үшін өте маңызды. Түркияның экономикалық белсенділігі Маңғыстау өңірі үшін де едәуір үлесін тигізетіні айдай анық. Сонымен бірге мәдени қарым-қатынасы ерекше маңызды. Екі елдің бөлісіп отырған осы қасиетті құндылықтары қарым-қатынасымыздың негізін құрайды. Осы құндылықтарымызды жоғалтпай бауырлас түркі елінің                 100 жылдық мерекесіне ортақпыз. Республика құрылғаннан кейін Түркия үлкен жолдан өтті, дамыды, әлемнің экономикалық дамыған, серпінді елдерінің біріне айналды. Әлемдік қоғамдастықта лайықты орын алды.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар тең құқыққа, өзара түсіністік пен құрметке негізделген және олар өте серпінді дамып келеді. Түркия мен Қазақстанның, екі жақты қатынастары өңірлік деңгейде, стратегиялық маңызға ие. Бұл стратегиялық ынтымақтастықтың бекем іргетасын, ең бастысы, ортақ тарих пен мәдениетімізден келген, ортақ құндылықтар мен бауырластықтан бастау алатын екі жақты сенімнен құрылады, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, Маңғыстау облысының Түркия Республикасымен сыртқы сауда айналымы 2023 жылдың қаңтар-тамыз аралығында – 17,5 млн.долларын құрады, Оның ішінде экспорт – 8 млн.долларын, импорт – 9,5 млн. долларын құрады.

Экспортқа шикі мұнай өнімдері, зергерлік бұйымдар, қара металдардың қалдықтары мен сынықтары, өңделмеген алюминий және т.б. кіреді. Импортқа көкөністер мен жемістер, минералды заттар, фтор, хлор, бром, бояулар мен лактар және т.б.

Маңғыстау облысында түрік капиталының қатысуымен экономиканың түрлі салаларында 86 кәсіпорын тіркелген, атап айтқанда, тұрғын үйлердің құрылысын, мейрамханалардың қызметі, азық-түлік жеткізу қызметтерін ұсыну, сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендер.

Сондай-ақ бүгінгі таңда түрік инвесторларының қатысуымен туризм саласында 2020-2023 жылдар аралығында 200 млрд.теңге көлемінде инвестициялық жобалар іске асырылуда.

Салтанатты рәсімнен кейін концерттік бағдарлама өтті, оның аясында түрлі қойылымдар мен дәстүрлі қазақ және түрік музыкалық әндері орындалды.

 

  • 30.10.2023
  • 170
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика