• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жетінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының бірінші сессиясына облыс әкімі Ермек Маржықпаев қатысты

Жетінші шақырылған облыстық мәслихатының бірінші сессиясын облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов ашты. Ол облыстық сайлау комитеті атынан мәслихатқа өткен депутаттарды құттықтады. Бірінші сессияның төрағасы болып бірауыздан Асен Жақсылықов сайланды, ол қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды. Сессияға облыстық мәслихатқа сайланған барлық 32 депутат, аудан әкімдері мен басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Белгіленген күн тәртібіне сай сайлау комиссиясының төрағасы қаңтардың 10-ында өткен сайлаудың қорытындысы бойынша есеп берді. Сонымен, облыстық мәслихатқа «Nur Otan» партиясынан 26 депутат, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясынан 3 депутаттан сайланып, олардың әрқайсысына депутаттық мандаттар тапсырылды. Жалпы, облыстағы барлық мәслихаттарды алсақ, 254 депутаттық орын белгіленген. Облыстық мәслихатқа сайланған осы жолғы депутаттардың 22-сі ер адам, 10-ы әйелдер екен.

Сессия барысында ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола өңірлік филиалы Саяси кеңесі бюросының 2021 жылғы 13 қаңтардағы қаулысы негізінде «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы тіркелді. Ал, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы болып осы уақытқа дейін Жарқайың ауданының әкімі болған Мұрат Балпан сайланды.

Ақмола облыстық мәслихатының жетінші шақырылымының депутаттарының қатысуымен өткізілетін тұрақты комиссия-
лары құрылып, олардың мүшелері мен төрағалары бекітілді. Экономика және бюджет сұрақтары, әлеуметтік сұрақтар, депутаттық әдеп, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану сұрақтары, аграрлық және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиялар алдағы уақытта жұмыстарына кірісе бастайды.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев өз кезегінде биылғы жылы аталып өтетін ең үлкен мейрам, атаулы дата – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, жетінші шақырылымның депутаттарына алдағы уақытта үлкен жүк артылып отырғандығын атап өтті. Сонымен бірге, ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінен туындайтын міндеттерге тоқталып өтті. – Президент өткен жыл барша халық үшін үлкен сынақ болғандығын атап көрсетті, – деді облыс әкімі Е.Б.Маржықпаев. – Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін, сот жүйесін, денсаулық сақтау саласын, бұқаралық және балалар спортын, бизнесті дамыту жобаларын реформалау мәселелерінің маңызына тоқталды. Алдағы сайлауларда сайлаушылардың бюллетеньдерінде «бәріне де қарсымын» деген жолдың болуына аса мән берілетіндігі айтылды.

–Бірінші рет біздің облыстық мәслихат үш партиялы болып отыр. Енді партиялар жер-жерде жұмыстарын жандандырып, белсенділік танытулары тиіс. Өз ректораттары болуы қажет. Депутаттық корпус жаңарды. Жастар жағы 20 пайызды құрап отыр, – дей келе, облыс әкімі Ермек Маржықпаев алтыншы шақырылымның депутаттарына алғысын білдірді. Олармен атқарылған жұмыстардың жемісті болғандығын атап өтті. Инфекциямен күресте ақмолалықтар өздерінің ұйымшылдығын, істеріне адалдығын танытты.
2020 жылы бірлескен жұмыстың арқасында Ақмола облысы республикада әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша алғашқы үштіктен орын алғандығын атап өтті. Өткен жылы 21 мыңнан астам жұмыс орны ашылғаны, оның 13 мыңы тұрақты жұмыс орындары екендігі айтылды.

  • 16.01.2021
  • 327
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика