• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев: жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бұл жүйелі және кешенді жұмыс

Ақтауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен Құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымдарының басшыларымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қадағалау бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық прокуратурадағы басқарма бастығы Мерген Меңдіғалиевтің баяндамасына сәйкес, Маңғыстауда соңғы уақытта 165 жасөспірім анықталып, есепке қойылды.

-Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа жол бермеу және қоғамдық тәртіпті нығайту үшін облыста бірқатар жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде. Жыл басынан бері полиция бөлімдеріне түрлі құқық бұзушылықтар үшін жеті мыңнан астам кәмелетке толмағандар жеткізілді. Сонымен қатар, ойын-сауық орындарында түнгі уақытта 91 құқық бұзушылық анықталды. 3891 ата-ана жауапкершілікке тартылды, - деп атап өтті Мерген Мендіғалиев.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырыстарында 215 ұсыным әзірленді, қылмыс жасаған және заңды бұзған жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты заңды шешімдер қабылданды. Комиссия жұмысының нәтижесінде жасөспірім балаларын тәрбиелеуге немқұрайлы қараған 59 ата-ана құқығынан айырылды, оның ішінде 5-і уақытша құқықтарымен шектелді. Олардың балалары басқа заңды өкілдердің қамқорлығына алынды. Сонымен қатар, қайталанған құқық бұзушылықтарға байланысты 5 жасөспірім девиантты мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектепке жіберілді. 236 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Сондай-ақ, МО ТЖД бастығы Мұрат Мұханов баяндама жасады.
Маңғыстау облысы бойынша Департаменттің есебінде барлығы 595 білім беру ұйымы (жоғары оқу орындарын қоса алғанда) бар.
Ағымдағы жылға 181 білім беру ұйымын тексеру жоспарланған, оның ішінде профилактикалық бақылаумен 172 нысан қамтылған. Заң бұзушылықтар анықталған барлық білім беру ұйымдарының басшыларына оларды жою мерзімдері көрсетілген нұсқамалар берілді.

Нұрлан Ноғаев қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу екенін атап өтті.

- Балалардың білімі мен тәрбиесіне барлығымыз жауаптымыз. Ұрпақ тәрбиелеуде мектеп, ата-ана, қоғам жан жақты жұмылуымыз маңызды. Аталған бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде тиісті органдармен бірге ұйымдастыру қажет.
Бұл жолда ұстаздардың еңбегін атап өтпеуге болмайды. Аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде білімін көрсетіп жатқан оқушылар мен ұстаздар бар. Атқарылған жұмыстар көп. Дегенмен кемшіліктер де жоқ емес. Осыған байланысты мен осы бағыттағы бақылауды күшейтуді және құқық бұзушылықтың алдын алуға көбірек көңіл бөлуді тапсырамын. Біздің міндетіміз - салдармен күресіп қана қоймай, жасөспірімдердің дұрыс емес жолды таңдауының себептерін іздеу, - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

 

  • 01.11.2023
  • 179
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика