- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Париж қаласында Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік меншік және жекешелендіру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты
Жиын барысында ЭЫДҰ сарапшылары жүргізген қазақстандық мемлекеттік компанияларының корпоративтік басқармасының шолуын қарады.
Вице-министр квазимемлекеттік сектордың қызметін реттеу, оның ішінде мемлекетсіздендіру, есептілік пен транспаренттілікті қамтамасыз ету тәсілдерін таныстырды. Корпоративтік басқарудың жоғары деңгейі ұзақмерзімді кезеңде компаниялардың тұрақты дамуын, сондай-ақ экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттардың келісімділігін қамтамасыз етеді,-деді ол.
Сондай-ақ, вице-министр Қазақстанның квазимемлекеттік сектордың жаңа ұйымдық құрылымын енгізу, директорлар кеңесі мүшелерін кәсібилендіру, ашықтықты арттыру жоспары туралы хабарлады. Сонымен қатар, қатысушылар Қазақстанның ЭЫДҰ корпоративтік басқару жөніндегі басшылық қағидаттарына қосылуы жөніндегі алдағы жоспарларын талқылады.
- 01.11.2023
- 117