• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау ІІМ-нің ерекше бақылауында

Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау ІІМ-нің ерекше бақылауында  

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Онда жасөспірімдер ортасында жасалатын қылмыстарды анықтау, жолын кесу және алдын алу шаралары қарастырылған. Бүгінгі таңда әрбір мектеп пен колледжге учаскелік полиция, ювеналды және криминалдық полиция қызметкерлері бекітілді. Олар жат әрекеттер жасауға бейім жасөспірімдер арасында 300-ден астам неформалдық лидерлерді анықтады. Олар ішкі істер органдарының ерекше бақылауына алынды. Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында аумақтық полиция департаменттерінің бастықтары мектеп және колледж оқушыларымен кездесулер өткізді. Жасөспірімдерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы түсіндірілді. – Бас прокуратураның басшылығымен барлық елордалық мектептерді тексеру басталды. Әр түрлі ведомстволардың 70-тен астам қызметкері жұмылдырылды. 98 мемлекеттік мектеп, 56 жеке меншік, 3 Назарбаев зияткерлік мектебі, 4 республикалық, 3 түзету және 5 BINOM мектептері тексеріледі. Ол қараша айының соңына дейін аяқталады, – деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев. Сонымен қатар 26 қазаннан 2 қарашаға дейін еліміздің барлық аумағында балалар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шара басталғалы бері: – 239 ұсақ бұзақылық; – оқушылардың алкогольдік мас күйде болуының 64 фактісі; – мектептер маңында 3,5 мыңнан астам жол жүрісі қағидасын бұзу анықталды. Жалпы елде өткен аптада балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша 800-ден астам жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізілді. Оның нәтижесі бойынша балалардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 2,5 мыңға жуық ата-ана (ӘҚБтК-нің 442-бабы) және мекемелердің 27 иесі (ӘҚБтК -нің 132-бабы) жауапкершілікке тартылды. 302 ата-ана балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін, сондай-ақ 57 ата-ана кәмелетке толмағандардың алкоголь ішкені үшін жауапқа тартылды. 55 жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айппұл төледі. Түнгі уақытта көшеде ұсталған 92 жасөспірім бейімдеу орталықтарына орналастырылды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияларда 96 материал қаралды. 16 ата-ана құқықтарынан айырылды және шектелді. 7 жасөспірім девиант мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектептерге жіберілді. – Егер сіз кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық фактілері туралы білсеңіз немесе сіз бала болсаңыз және өзіңізге қатысты зорлық-зомбылық орын алса – үндемей қалмаңыз! Сіз полицияға 102 немесе 111 нөмірлері бойынша хабарласуыңыз керек. Көрсетілген телефондар арқылы сіз тәулік бойы ақпараттық, консультациялық, психологиялық көмек пен қолдау ала аласыз. Біз отбасы мен балалардың қорғаушысы болуымыз керек. Есіңізде болсын, бөтен бала болмайды, егер сіз бүгін бейтаныс балаға көмектесіп, қорғасаңыз, ертең сіздің де балаңызға біреу көмектеседі, – деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы.

 

  • 02.11.2023
  • 259
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

Сәденов Е.С.
(Мұрағат)

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика