• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ӨҢІРДІ ӨРКЕНДЕТУДІҢ 5 ЖЫЛДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Аумақтарды дамыту бағдарламасын жаңа форматта әзірлеу жұмысы жүргізілді . Нәтижесінде өңірді дамытудың үш негізгі бағыты белгіленді.
Әр бағыт өз мақсаттары мен индикаторлардан тұрады. Мәселен, бірінші бағыт - «Өңір экономикасының өсуі».
Экономиканының тұрақты дамуы – экономиканы дамыту мен әртараптандыруға, қолайлы бизнес-ортаны және инвестициялық климатты қалыптастыруға, өнеркәсіптік және инновациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталады.
Өңдеу өнеркәсібі, көлік, логистика, агроөнеркәсіптік кешені мен туризмді дамыту сияқты экономиканың перспективалы салаларын дамыту есебінен аталған секторлар өсімінің орташа жылдық қарқыны қамтамасыз етіледі.
Бірінші бағытты іске асыру нәтижесінде жалпы өңірлік өнім көлемі 2019 жылғы 3,6 трлн.теңгеден 2025 жылға қарай 4 трлн.теңгеге дейін немесе 1,1 есеге артады. Нақты көлем индексінің 103,6%-ға дейін өсуі күтілуде.
Екінші бағыт - «Жайлы және қауіпсіз өңір».
Қолжетімді тұрғын үй халықтың өмір сүру сапасының ажырамас факторы болып табылады және оған тұрғын үй салу қарқынын күшейту, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту есебінен қол жеткізіледі.
Тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында жалға берілетін, кредиттік және коммерциялық тұрғын үй салу, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында 5 жылда 3,5 млн.шаршы метрге жуық тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.
Нәтижесінде бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету 2025 жылға қарай 25,5 шаршы метрден 27,2 шаршы метрге дейін жеткізілмек.
Маңызы зор екінші мақсат - қалалар мен ауылдардағы халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі 2025 жылға қарай 100%-ға жеткізіледі.
Бұдан басқа, 11 ауылда 750 км канализация желілерін салу есебінен 2025 жылға қарай ауыл халқын сарқынды сумен тазартумен қамтуды 4,5%-дан 48%-ға дейін қамтамасыз ету жоспарлануда.

Үшінші бағыт «Өмір сүрудың жаңа сапасын қамтамасыз ету».
Қазіргі кезде өмір сүру сапасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, жұмыспен қамту, халықтың денсаулығын, білімді және әлеуметтік игіліктерге қолжетімділікті жақсарту мәселелерін қозғайтын ең маңызды фактор болып табылады.
Инвестициялық жобаларды, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру есебінен орташа алғанда жылына 32 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, жұмыспен қамтуды арттыру шаралары қабылданады.
Халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында ауылдарда кемінде 7 дәрігерлік амбулатория ашу, 6 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жүргізу, Ақтау қаласында 400 төсек-орындық көпбейінді қалалық аурухана салу, жастардың денсаулық орталықтарын ашу жоспарланып отыр.
Тұрғындарды сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін үш ауысыммен оқытуды жою, 2021-2025 жылдары 15120 орындық 17 білім беру объектісін салу жоспарлануда.
5 жыл ішінде 9 мың орындық 100-ден аса мектепке дейінгі балалар ұйымын салу арқылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту жұмысы жалғасады.
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік игіліктермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі 62,6%-дан 2025 жылы 98,4%-ға дейін артады.
Жаңа Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру нәтижесінде өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту, жұмыс орындарын құру және қорытындысында халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі көрсеткіштерге қол жеткізіледі.

  • 18.01.2021
  • 272
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика