• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасын қаржыландыру көлемі 12,5 млрд. теңгеге өсті

Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру белсенді жалғасуда.

Еске салайық, жоба былтыр қараша айында басталған еді. Биылғы жылдың ақпан айына дейін «Ауыл аманатын» қаржыландыруға жалпы алғанда 6,5 млрд теңге бөлінді. Өткен айдың соңында қаржыландыру көлемі тағы 12,5 млрд теңгеге өсті. Қаражат мал шаруашылығын несиелеуге де жіберіледі деп жоспарланып отыр. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының өкілі Бағдат Қожамұрат мәлімдеді.

«Қазіргі таңда жалпы сомасы 7,6 млрд теңгеге 1698 жоба тапсырылып, оның 1628-і мақұлданды. 1 382 жобаға 6,1 млрд. теңге жеңілдетілген несие берілді. Сонымен бірге, жоба аясында қаржылық несиемен қатар тауарлық несие беру тетігі енгізілді. Бүгінгі күні 335 отбасыға 4716 бас мал берілді. Жобаға Алға, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Ойыл және Хромтау аудандары белсене қатысуда»,- деп атап өтті спикер.

Жобаны іске асырудың нәтижесінде бүгінде 173 мыңнан астам құс сатып алынып, 209,8 гектар картоп пен көкөніс және бақша дақылдары егілді, шағын бизнестің 584 жаңа жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұрын тұрақты жұмысы болмаған 1010 адам жұмыспен қамтылды.

Жеке қосалқы шаруашылықтардың жұмысын тиімді ұйымдастырып, оларды техника, жем-шөп және вакциналармен қамтамасыз ету және өндірген өнімін тиімді өткізу мақсатында 71 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Алдағы уақытта кооперативтер санын одан әрі ұлғайтып, жобаға қатысушылар ауқымын кеңейту жоспарланып отыр.

  • 03.11.2023
  • 190
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика