- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Мектеп тапшылығы мен жылыту маусымының мәселелері: Нұрлан Ноғаев Ақтау тұрғындарымен кездесті
Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев пен қала әкімі Ұлықбек Тналиев 2 қарашада облыс орталығының тұрғындарымен кездесті. Қала тұрғындарының көптеген алаңдаушылықтары сумен және жылумен қамтамасыз ету, сондай-ақ мектептер санының тапшылығы және тұрғын үй нысандарын заңсыз салу мәселелеріне қатысты болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау облысы бала туу бойынша көшбасышы өңірлердің бірі. 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Ақтау халқының 278 мың адамға жетті. Алайда, демографиялық және көші-қон процестері жаңа мектептер құрылысына қарағанда жылдам қарқынмен өсуде. Бұл өз кезегінде өңірдегі мектеп тапшылығы мәселесін өзекті етіп отыр. Қазіргі таңда Ақтауда үш ауысымды оқытуды жою үшін екі мемлекеттік мектептің құрылысы жүргізілуде: олардың біреуі 18 шағынауданда, екіншісі 19 «А» шағын ауданда орналасқан. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде сегіз мектеп салу жоспарлануда, 6 мектептің құрылысы биыл басталды.
Қала тұрғындары халықпен кездесуде айтқан тағы бір маңызды мәселе-азық-түлік бағасы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қосылатын үстемені 10%-дан асырмау жөніндегі шаралар шеңберінде «Дана», «Дина», «Анвар», «Алтын-Фуд» және «Лидер» сияқты ірі сауда желілерімен меморандумға қол қойылды. ӘМАТ бағасына қойылған үстеме одан жоғары болса, 9 шағынаудан, 23а ғимарат, 215 кабинеті мекенжайы бойынша орналасқан сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінуге болады. Немесе 43-14-34 жұмыс нөмірі бойынша хабарлай алады.
Бүгінде қала тұрғындарының өтініштерінің арқасында 28 кәсіпкерге меморандум шарттарын бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл жоғары бағамен күресуге және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға ықпал етеді.
Халықпен кездесуде мәселелердің басым бөлігі жылумен және сумен жабдықтау мәселелерімен байланысты болды.
Нұрлан Ноғаев қалада ауданішілік желілердегі жиі орын алатын екпіндерді (порывы) атап өтті. Қазіргі таңда осы мақсатта жедел қосымша бригадалар құрылды.
Өңір басшысы жылыту маусымына дайындықтың тұрақты және бақылауда екенін атап өтті. Жылумен жабдықтаудың үздіксіздігі үшін коммуналдық ұйымдардың басшылары жергілікті атқарушы органмен тең дәрежеде жауапты болады,- деді аймақ басшысы.
- Жылумен қамтамасыз ету-бұл коммуналдық қызметтердің, тұрғындардың және басқарушы мекемелердің біріккен күш-жігерінің арқасында жүзеге асатын күрделі процесс. Біз коммуналдық қызметтердің жұмысына қатысты шағымдарды жиі естиміз. Олардың кейбіреулері басқарушы ұйымдардың немесе белгілі бір пәтер иелерінің жұмысына байланысты. Айта кету керек, Ақтауда қаланы бес аймаққа бөле отырып, жылу желілерін қайта құру жоспарланған. Аталған іс - шаралар жылумен жабдықтау жүйесін жақсартуға және кеңейтуге бағытталған. Бұл жылумен қамту мәселелерін шешуге және тұрғындарды жылыту маусымында сапалы әрі мен ыстық сумен толық қамтамасыз етуге ықпал етеді, - деді Нұрлан Ноғаев.
Сонымен қатар, осы мақсатта 31 «А» шағынауданында тұрғын үйлер мен орта мектептің жылу қуатын арттыру мақсатында қолданыстағы жылу құбырының диаметрін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев қазіргі уақытта облыс орталығы инженерлік желілер артық жүктемен жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Мұны азайту мақсатында қалада заңсыз құрылыстарға қарсы сот процестері жүргізілуде. Соттың шешімімен 29 тұрғын үй салу заңсыз деп танылып, оның 28-ін бұзу бойынша бұйырық шықты. Жұмыс жобасынсыз және сараптаманың оң қорытындысын алмай салынған ғимараттардың бірі 30 қазанда Сот шешімімен бұзылды. Бұл шаралар қаланың инженерлік желілері мен инфрақұрылымының жұмысына қысым тудыруы мүмкін заңсыз құрылыстардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қалпына келтіруге бағытталған.
Есеп беру кездесуінде тұрғындардың бірі дүңгіршек салу үшін жер алуға ниет білдірді. Оған жауап ретінде Ұлықбек Тналиев қалада нүктелік құрылыстарға жол берілмейтінін түсіндірді. Қаладағы құрылыстар урбанистік нормалар мен бас жоспарға сәйкес, қаланы дамытудың жалпы қағидаттарына орай жүргізілетінін айтты.
- Кәсіпкерлерге қаланың сәулеттік келбетіне нұқсан келтіретін немесе заңдарды бұзатын жер учаскелерін бере алмайтынымыз. Біз әрқашан шағын және орта бизнесті дамытуды қолдаймыз. Алайда заңдылықтарды және қала жоспарының тұтастығын сақтау міндетіміз. Қазіргі уақытта қалада белгіленген орындарда жәрмеңкелер ұйымдастырылуда, сондай-ақ Президенттің тапсырмасы бойынша 2024-2025 жылдары іске қосылатын коммуналдық базар мен көтерме-тарату орталығы салынуда. Мұнда кәсіпкерлерге басқа жерлерге қарағанда төмен бағамен сауда орнын жалға алу мүмкіндігі жасалады. Бұл халық үшін де, бизнес өкілдері үшін де тиімді болады, - деп атап өтті Ұлықбек Тналиев.
Кездесуге қатысушылар абаттандыру және серуендеу аймақтарының жетіспеушілігі туралы айтты.
Халықпен кездесу аяқталғаннан кейін өңір басшысы қала әкімімен бірге азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
- 03.11.2023
- 173