• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Адай жылқысын асыл тұқым ретінде тану: халықаралық сарапшылар ресми мәртебе беру қажеттілігіне көз жеткізді

4 қарашада Кендерліде Адай жылқы тұқымына асыл тұқымды жануар мәртебесін беру мақсатында ұйымдастырылған халықаралық ұзақ қашықтықтағы ат жарысы турнирі өтті. Ол үшін арнайы халықаралық Ат спорты федерациясының төрешілері шақырылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шара халықаралық стандарттарды сақтай отырып, жоғары деңгейде өтті.
Жылқылардың шабысын бағалауға БАӘ мен Алматыдан халықаралық Ат спорты федерациясының алты төрешісі қатысты. Ат бәйгесінде бірінші орынды 100 шақырым қашықтықты ең аз уақыт аралығында бағындырған және халықаралық стандарттарға сәйкес бақылауда жүрек соғысы минутына 64 соққыдан аспайтын әрі жарақат алмаған сәйгүлік иеленді.

Іс-шараға жергілікті қатысушылардан басқа, Біріккен Араб Әмірліктерінен, Алматыдан, Семей қалаларынан шабандоздар қатысып, Адай жылқысының шабысын сынап көрді. Жарысқа қатысушылар салмақ пен жас талаптарына сай, дене салмағы 70 келіден кем болмауы тиіс. Сонымен қатар жасы 18- ден асқан болуы керек.

Жарыста осы межелердің барлығына сәйкес келген, әрі жпқсы нәтиеже көрсеткен Көк жебе есімді адай тұқымды тұлпар жеңіске жетті. Тұлпар 100 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 48 минут 36 секундта бағындырып, алтын медаль мен бірінші орынға ие болды.

«Ұлы дала жорығы» республикалық марафонында 1 орын алған Көкмойнақ командасының құрамында капитан болған Көк жебенің иесі Ербол Ермағамбетов жылқыны жарысқа дайындау үшін бір айдан астам уақыт кеткенін айтты. Нәтижесінде «Көк жебе» қайсарлық мен төзімділік танытып, ат жарысында үздік өнер көрсетті және онысымен көпті сүйсіндірді.

Екінші орынды 4 сағат 48 минут 54 секунд уақыт көрсетіп, «Ай күрең» жылқысы иеленді, ал үшінші орын 4 сағат 50 минут 11 секундта 100 шақырымдық қашықтықты еңсерген «Нұр қасқа» атты тұлпарға бұйырды. Жарысқа жалпы есепте Жетісу мен Ақтөбе облыстарын қосқанда барлығы 31 ат қатысты.

Нұрлан Ноғаев Адай жылқысы тұқымының қазақ халқы үшін маңыздылығын және оны ұлттық брендке айналдыруға күш-жігерін аямайтынын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай іс-шаралар осындай бірегей жылқы тұқымын танымал етуге және ұлттық дәстүрлерді сақтауға ықпал етеді.

- Мемлекет Басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Маңғыстауға жұмыс сапары барысында қазақ адай жылқысын өңірдің бірегей мұрасы деп атады. Сондай-ақ, Маңғыстау тұлпарларының халықаралық жарыстардағы жүлделі орындарға ие болып жүргенін атап өтті. Президент Үкіметке оны ғылыми тұрғыдан тану және асыл тұқымды мал ретінде өсімін молайту бойынша тиісті жұмысты жедел бастауды тапсырды. Біз осы мақсатты орындауға ұмтыламыз. Бұл мақсатқа жету үшін халықаралық Ат спорты федерациясы мүшелерінің қатысуымен бүгінгі жарыстар ұйымдастырылып отыр. Өйткені, бұл Маңғыстау облысының тұрғындарының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беделін көтеріп, танымалдылығын арттыру. Тіпті осы іс-шараны бағалау үшін шетелден келген халықаралық төрешінің өзі Адай жылқыларының жылдамдығы мен төзімділігін мойындап отыр. Бұл үлкен жетістік, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Халықаралық жарыс соңында жергілікті әртістердің қатысуымен концерт ұйымдастырылып, Жаңаөзен өндірушілерінің тауарлар көрмесі өтті.

Айта кетейік, 2022 жылы Маңғыстау облысының «Көкмойнақ» командасы «Ұлы Дала жорығы» республикалық марафонында адай жылқысымен 1200 шақырым жүріп өтіп, бірінші орынды иеленген болатын.

Биылғы жылы да осы марафонда маңғыстаулық Адай атын тізгіндеген шабандоз Астанадан Түркістанға дейін 1300 шақырымды небәрі 98 сағат 44 минут 47 секундта бір атпен жүріп өтіп, рекорд орнатты.

  • 06.11.2023
  • 168
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика