- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2023 жылдың қазан айының 3-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу
Қазан айының үшінші онкүндігінде Қазақстанның басты егін егетін аймағының басым бөлігінде қалыпты жылы ауа райы байқалды. 4-7 күн ішінде жауған жауын-шашын Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген учаскелерінде жаздық дәнді дақылдарды жинауды біршама кешіктірді. Еліміздің басым бөлігінде түнгі уақытта минус 3...9°С дейін (кей жерлерде минус 11°С дейін) байқалған аяз жаздық дәнді дақылдар үшін қауіпті болған жоқ.
Республиканың оңтүстік-шығысында күздік бидай өсірілетін аудандарда қалыпты жылы ауа райы байқалды, түнгі уақытта топырақтың аязы оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында минус 4°С дейін болды, күздік дәнді дақылдардың зақымдануы байқалмады. Мұндай метеорологиялық жағдайлар күздік бидайдың өсуі мен дамуына қолайлы болды.
Алматы облысындағы күздік бидай егістігінде «көктеу»-«түптену», Жамбыл және Жетісу облыстарында «дәннің өнуі»-«көктеу», Түркістан облысында «дәннің өнуі» фазасы байқалады. Егіннің жағдайы барлық жерде жақсы және өте жақсы.
Жылу сүйгіш дақылдардың жағдайы (дәнді жүгері) жақсы. Алматы облысында (Шелек метеостанциясы) жүгеріні жинауға кірісті.
Абай, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында бақыланатын учаскелерде «егіндік пісу» кезеңі байқалады, кейбіреулерінде күнбағыс жинау жалғасуда, егіс жағдайы жақсы.
Республиканың оңтүстік аймақтарында жеміс дақылдары бар Бақтарда (алма, алмұрт, таңқурай) негізінен «күзгі жапырақтардың түсі» және «жапырақтардың түсуі» кезеңі жалғасуда. Бақылау учаскелерінде жемістердің жағдайы жақсы.
Жайылымдық мал шаруашылығы аудандарында мал жаю барлық жерде жүргізілді. Батыста шөптерді жинау, тасымалдау және маялау жалғасуда. Түркістан облысының Созақ ауданында малдарды айдау жұмыстары жалғасуда.
Жайылымдық шөптердің жай-күйі көбінесе қанағаттанарлық, кейбір жайылымдарда жақсы. Жайылымдар орташа мөлшерде тапталған, кейбір аудандарда әлсіз тапталған. Жамбыл облысының Мойынқұм және Шу аудандарында, Алматы облысының Жамбыл ауданында, Жамбыл облысының Талас ауданында және Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында жайылымдар тапталмаған. Жайылымдық мал шаруашылығының басым аймағында шымның дымқыл жағдайы байқалды, Маңғыстау және Түркістан облыстарындағы кейбір жайылымдарда шымның құрғақ күйі орын алған.
- 06.11.2023
- 131