- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Ырғыз ауданында мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалды
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы – қоғамды демократияландыру бағытындағы реформалардың заңды жалғасы.
Ырғыздықтар да осындай маңызы зор қоғамдық-саяси оқиғаға жауапкершілікпен қарап, келешектің қамы үшін белсенділік танытты.
Аудан тұрғындары таңғы сағат 7-ден бастап сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасады. Оның ішінде аға буын өкілдерінің белсенділігі ерекше. Олар сайлаудың алдағы жылдардағы Ырғыз өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізер ықпалын сезіне отырып, қалаған үміткерлеріне өз дауыстарын берді.
Бірқатар мүмкіндігі шектеулі жандар мен денсаулығы мүмкіндік бермейтін қарт сайлаушылар үй жағдайында дауыс берді. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сол азаматтардың өз құқықтарын пайдалануы үшін барлық жағдайды жасады.
- 06.11.2023
- 126