• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Егін жинау және автомобиль жолдарын қысқы мерзімге дайындау мәселелері талқыланды

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында егін жинау науқаны және автомобиль жолдарын қысқы мерзімде күтіп ұстау дайындығының өзекті мәселелері қаралды.
 
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алқабы 747,1 мың гектарды құрап, оның ішінде дәнді дақылдар алқабы – 439,8 мың гектар.
 
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты егін жинау науқаны биыл ұзаққа созылды. Бүгінгі күні дәнді дақылдардың жалпы көлемінің  92%-ы жиналды. Орташа өнімділік – гектарына 10,2 центнер. Ауыл шаруашылығы және жер ресурстары басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың хабарлауынша, астық жинау Әйтеке би, Алға және Қарғалы аудандарында жалғасуда. Айта кетейік, егін жинау науқанына қатысты туындаған проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін жұмыс тобы құрылды.
 
Қазіргі уақытта қазан айында басталған майлы дақылдарды жинау жалғасуда, ал картоп пен көкөністерді жинау аяқталды.
 
Облыс әкімі жұмысты жалғастырып жатқан диқандарды дизель отынымен қамтамасыз ету қажеттігін, сондай-ақ астық жинау жұмыстарын дер кезінде аяқтау маңыздылығын алға тартты.
 
Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалының директоры Айбол Данағұл автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға дайындық барысы туралы баяндама жасады.
 
Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау үшін мердігер ұйымдар 258 бірлік техника, көктайғаққа қарсы 5,6 мың тоннадан астам инертті материал және 2,9 мың тонна дизель отынын әзірледі. Жол жиектеріндегі шөптерді шабу және бұталарды кесу жұмыстары жалғасуда, сондай-ақ қар көп жауатын учаскелерде жалпы ұзындығы 10 000 метр қар ұстайтын құрылғылар орнатылады.
 
Дәл осындай іс-шаралар облыс аумағында жалпы ұзындығы 1,8 мың шақырымнан асатын республикалық маңызы бар тас жолдарда да іске асырылады.
 
🗄 Сонымен қатар, Ақтөбеде қызмет көрсетілетін учаскелердің жалпы ауданы 7 млн. шаршы метрден асады, бұл 711 көше, оның ішінде қаланың 54 тұрғын алабының айналма автожолдары да бар. Қысқы уақытта күтіп ұстау жұмыстарына 13 мердігер ұйым, 200 арнайы техника жұмылдырылады. Жолдарды уақытылы тазалауды қамтамасыз ету үшін жаңа арнайы техника сатып алу бойынша шаралар қабылдануда. Мәселен, биыл 26 бірлік жол құрама машиналары мен тракторлар сатып алынды. Азамат Бекет мердігерлік ұйымдардың санын көбейту қажеттігі де бар екенін жеткізді.
 
Жиын қорытындысы бойынша өңір басшысы облыстың автожолдарына уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
 
«Алдағы жылға жоспарлау, қаржыландырудың барлық мәселелерін алдын ала шешу, инженерлік және арнайы техниканың дайындығы, қарды уақытылы тазалау, инертті материалдармен себу жөнінде 
нақты шаралар қабылдау қажет. «Самара-Шымкент» тас жолының учаскелері ерекше назар аударуды талап етеді», - деп атап өтті Асхат Шахаров.

  • 07.11.2023
  • 182
Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика