• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ойыл ауданы әкімінің алдына бірқатар нақты міндет қойылды

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров 5 қараша күні өткен саяси науқан қорытындысы бойынша аудан әкімі болып сайланған Асқар Қазыбаевпен Ойыл ауданының активінің отырысына қатысты.
 
«Ақтөбе облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 5 қарашада Қобда, Ойыл және Ырғыз аудандарының әкімдерін тікелей сайлау өтті. Президент халықтың тілектерін тыңдау қажеттігін үнемі атап өтеді. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандар әкімдерін сайлау – бұл елдегі саяси реформалардың жалғасы. Ойыл ауданының тұрғындары дауыс беруге белсенді қатысып, өз таңдауын жасады. Аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде Асқар Қайырғалиұлы Қазыбаев аудан әкімі болып сайланды. Оған қызметінде сәттілік тілейміз», - деді Асхат Шахаров.
 
Облыс әкімі Ойыл ауданының экономикасы бүгінде Президенттің тапсырмаларын орындаудың арқасында тұрақты дамып келе жатқанын және аудан басшылығы әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне одан әрі қол жеткізу және өсу үшін шаралар қабылдауы қажет екенін алға тартты.
 
«Ауданда шешуді қажет ететін проблемалық мәселелер бар. Аудандық маңызы бар жолдардың сапасын арттыру, елді мекендерді газдандыру, баспана кезегінде тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, тозығы жеткен әлеуметтік нысандар мәселесін шешу бойынша жұмыс істеу қажет», - 
деді Асхат Шахаров.
 
 Облыс басшысы өзекті мәселелердің нақты мысалдарына тоқталды. Мәселен, көгілдір отын тартылған Қаратал ауылында мектеп ғимараты әлі де газға қосылмапты. Ал Амангелді ауылында 100-ге жуық бала балабақша кезегінде тұр. Бүгінде олардың тек 22-сі мектеп жанындағы шағын орталықта оқиды, қалған 78 бала жаңа балабақшаның салынуын күтуде.
 
Аудан үшін халықтың ауылдан көшуі, пайдалы қазбалар кен орындарын игеру үшін инвесторларды тарту, жол бойындағы сервисті дамыту, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру мәселелері өзекті.  
 
«Сонымен қатар, абаттандыру, елді мекендердің санитарлық жағдайы мәселелерін үнемі назарда ұстау қажет. Аудан әкімі осы мәселелерді сапалы шешу жөнінде нақты шаралар қабылдап, тапсырмаларды қатаң бақылауда ұстап, олардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Басты міндет - халықтың әл-ауқатын арттыру, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету», - 
деп Асхат Шахаров сөзін қорытындылады.

 Отырыс барысында сөз алған Асқар Қазыбаев бар қажыр-қайратын, білімін аймақтың экономикалық-әлеуметтік дамуына арнайтынын жеткізді.

  • 08.11.2023
  • 165
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика