• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Асхат Шахаров Ойыл мен Қобда аудандарындағы нысандардың құрылысын қарап шықты

Ойыл ауданына жасаған сапарында облыс әкімі Асхат Шахаров «Ойыл – Қаратал» күре жолының құрылысымен танысты. Автожол биылғы желтоқсан айында халық игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр. «АссанаДорСтрой» компаниясы қазіргі күні асфальт төсеуді жалғастыруда. Су өткізгіштер, жол белгілері, қоршаулар, дыбыстық бағаналар орнатылған. Мердігерлер ұзындығы 20,3 шақырымды құрайтын автожолды мерзімінде аяқтаймыз деп уәде берді. 

«Жолдың сапалы салынуын бақылауда ұстаңыздар. Жалпы, Ойыл ауданында бірнеше жолды жөндеу керек. Әсіресе, құрылысы тоқтап тұрған «Ойыл-Қараой» аудандық маңызы бар жолды аяқтау қажет. Қаржы бөлінді, бірақ мердігер компаниялар жауапсыздық танытқан. Басқа компания тауып, жұмысты жандандыру шарт. Ауылдарға кіреберіс жолдармен қоса, ең бастысы Ойыл мен Қобда арасын жалғайтын тасжолды келесі жылы жөндеуге кірісу керек», - деп Асхат Шахаров жауапты мемлекеттік орган басшыларына тапсырма берді. 

Сондай-ақ, өңір басшысы «Қобда-Жиренқопа» автокөлік жолының 268 шақырымындағы су өткізгіш құбырын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. 

Көктемгі су тасқыны кезінде жолдың астына салынған құбырлар су мөлшерінің жоғарылығына төтеп бере алмау себебінен тасжолды су шайып кеткен еді. Бүгінгі күні «Глобал» ЖШС су өткізгіш құбырларды қайта ауыстырып,  диаметрі екі есе үлкен құрал орнатуда. Бұл малдың күре жолдан кедергісіз өтуіне мүмкіндік береді.  50%-дан астам жұмыс бітіп тұр. Тапсырыс беруші қараша айының соңында мердігерден қабылдайды. Нысан - облыс әкімінің бақылауында. 

 Айтып өту керек, Қобда ауданында көктемгі су тасқынына байланысты жарияланған төтенше жағдай режімі әлі де сақтаулы.  

  • 08.11.2023
  • 182
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика