• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау - Астрахань: өңіраралық экономикалық ынтымақтастыққа ықпалдасатын іс-шаралар жоспары бекітілді

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев пен Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин Қостанайда 9 қараша күні басталған «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» атты Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында қос облыстың көпбағытты серіктестік кеңістігін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Форумға бейне-конференц-байланыс режимінде екі елдің президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысты.

Өңіраралық бизнес секторларының басым бағдарлары мен әлеуеті бағамдалған алаңда бизнес, салалық мемлекеттік органдар мен ведомстволар және ғылыми топ өкілдері, екі ел өңірлерінің басшылары бас қосып, маңызды мәселелерді талқыға салды.

Форум аясында Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчуктың қатысуымен пленарлық отырыс өтті. Шекаралас өңірлердің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығының өзекті мәселелері, оның ішінде ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды, АӨК-дегі көлік инфрақұрылымын дамыту, ауыл шаруашылығы жобаларын техникалық сүйемелдеу талқыланды.

Іскерлік кеңестен басқа үш панельдік сессия ұйымдастырылды: «Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «АӨК-дегі цифрлық технологиялар», «Жастар және ауыл шаруашылығы: білім берудегі жаңа трендтер».

Аталған форумға облыс әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев бастаған Маңғыстау облысының делегациясы қатысты. Оған салалық мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірдің кәсіпкерлері кірді.

Жұмабай Қарағаев пен Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкин Маңғыстау және Астрахан облыстары арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойды. Ол ынтымақтастықтың жеті бағыты бойынша бірлескен шараларды іске асыруды көздейді. Бұл сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық саласы, кәсіпкерлік пен туризмді қолдау, өнеркәсіп, көлік және құрылыс индустриясы саласы. Сонымен қатар, жоспарға ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым салалары кіреді. Білім беру және жастар саясаты, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласы сияқты бағыттар бар.

  • 09.11.2023
  • 208
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика