• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда ҚР Президенті Іс Басқармасының медициналық орталығымен әріптестік туралы меморандум жасалды

Ақтауда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевпен ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой мен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім қала тұрғындарына дәрігерлердің тегін консультацияларын, санаторийлік-курорттық емдеу және медициналық оңалту бойынша қызметтерді алуға, ал қажет болғанда жағдайда ауыр науқастарды емдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ортақ келісім нәтижесінде өңірдің медициналық мекеме қызметкерлерін оқыту, аурулардың алдын алу, диагностикалау, жаңа медициналық технологиялар мен инновациялық әдістемелерін дамыту саласында тәжірибе алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы мұндай іс-шаралар жергілікті ауруханалар мамандарының біліктілік деңгейін арттыруға көмектесетінін, ал өңір азаматтары үшін қолжетімді, әрі сапалы медициналық көмек алуына мүмкіндік беретінін атап өтті.

-Медициналық орталық қызметінің аясында білім беру, ғылыми зерттеулер, санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында инновациялық әдістерді іздеу және енгізу сияқты түрлі жобалар іске асырылуда. Бүгінгі қол қойылған Меморандум шеңберінде облыс әкімдігімен бірлесіп, жол картасы әзірленетін болады. Оның негізінде біз бірнеше жыл бойы өңірде денсаулық сақтауды дамыту бойынша белгіленген жоспарларды іске асыратын боламыз,- деп Алексей Цой өз жоспарларымен бөлісті.

Өз кезегінде, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Меморандумның алдағы уақытта өңірдегі медицина саласының дамуына айтарлықтай ықпал ететініне сенім білдірді. 

-ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығынан келген басшылық құрам және хирург дәрігерлер, Маңғыстау облысына келіп, тұрғындарға консультативті-диагностикалық көмек көрсетіп, жоғары деңгейдегі оталарды жасап, көмеу көрсетіп жатқандарыңызға үлкен алғыс білдіреміз. Ұлт денсаулығы – ұлттық дамудың басты құндылығы. Бүгінде елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды. Соған сәйкес, Маңғыстау облысында да медициналық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы артып келеді. Бүгінде облыс тұрғындарына 16 стационарлық және 61 мемлекеттік амбулаториялық-емханалық медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетіп келеді. Жалпы өңірде халық саны – 793 мың құрайды. Оның 500425 - мемлекеттік мекемелерге,  292659 - жеке меншік мекемелерге тіркелген. Өңірімізде әлеуметтік маңыздағы аурулардың көрсеткішін төмендету бойынша жылдан-жылға тұрақты оң динамика қалыптасып келеді.
Биыл емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы 73 пайыздан 92 пайызға дейін жетті,- деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар, өңір басшысы президенттің Маңғыстау облысына іссапары кезінде кадр тапшылығы мәселесіне қатысты берілген тапсырмаларын іске асыру барысында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Мамандар тапшылығын жою мақсатында 2023 жылға 198 облыс әкімі гранты бөлінді. Оның ішінде  68 бакалаврға, 97 интернатураға, резидентураға 33 грант бөлінді. Жас мамандарға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында

Облыстық мәслихат шешіміміен жергілікті бюджет есебінен 70 млн. тенге көлемінде қаражат бөлінді. Ауылдық жерге келетін дәрігер мамандарға 1,5 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 6-10 қараша аралығында Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасында нейрохирург, уролог, травматолог сияқты 28 жетекші маманнан құралаған дәрігерлер тобы ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері аясында практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетуде. Төрт күн ішінде дәрігерлер 60-тан астам тұрғынға кеңес беріп, оннан астам күрделі ота жасады. Олар сондай-ақ медициналық мекемелердің 200-ден астам қатысушыларына практикалық сабақтар, мастер-класстар, презентациялар мен дәрістер өткізді.

  • 10.11.2023
  • 250
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика