• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбедегі мәдени нысандарды күрделі жөндеу жалғасады

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қаладағы мәдениет нысандарын аралады. Атап айтқанда,  Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы базасында ашылған креавтивті орталық, «Алақай» қуыршақ театры, облыстық халық шығармашылығы орталығы және мемлекеттік архивтің жай-күйін көрді.
 
Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы базасында құрылған  креавтивті орталық биыл маусым айында ашылды. «Samruk-Kazyna Trust» қоры қолдаған жоба бүгінде өз жемісін беруде.
Мұнда келушілер саны бұрынғыдан қарағанда үш есе артқан. Облыс әкімі орталықты аралап шығып, білімі мен дағдыларын жетілдіруге ынталы жастарды әлі де тарту керектігін алға тартты.

Сондай-ақ, өңір басшысы креативті орталыққа жиналған Жазушылар одағы облыстағы мүшелерімен кездесті. Жоспардан тыс басқосуда Асхат Шахаров мәдениет саласындағы өзекті проблемалар, ақтөбелік ақын-жазушылардың шығармашылығын қолдау, аймақтың мәдени-рухани  құндылықтарын насихаттау мәселелерін талқылады. Әкімдік қаламгерлер тарапынан түсетін ұсыныстарға сеп болмақ.
 
1956 жылы салынған «Алақай» қуыршақ театрының ғимараты былтыр жөнделді. Іші-сырты толық жөндеуден өтіп, материалдық-базасы жаңартылған театр жаңа қойылымдарын сахналап, көрерменін қуантуда.
Қуыршақ театрының директоры Әсия Құрманалина облыс басшысына музейді, костюмдер сақталатын бөлмені көрсетті. Асхат Шахаров ғимаратты күтіп-ұстау мәселесі бақылауда болуы тиіс деген міндет қойды.  
 
Күрделі жөндеу облыстық халық шығармашылығы орталығына аса қажет. Бұрынғы Металлургтер үйінің жылу жүйелері мен еденін ауыстырып, ғимараттың іші мен қасбетін жаңарту керек. Жөндеу жұмыстары үшін жобалық-сметалық құжаттар жасалған.
 
«Ғимараттың ескі екенін білеміз. Күрделі жөндеу міндетті түрде керек. Жобаны қолдаймыз. Мына еденнің астында орналасқан жылу жүйелерін толық ауыстыру керек. Мердігер компанияға да бұл туралы ескерту қажет. Сонымен қоса, ғимараттың дизайнын дұрыстап ойластырған жөн. Нысан аумағын абаттандыруды жобалық-сметалық құжаттамада ескеру қажет», - деді жауапты мемлекеттік орган басшыларына тапсырма берген облыс әкімі.
 
Асхат Шахаров облыстық мемлекеттік архивтің уақытша орналасқан ғимаратына да барды. Өңір басшысы Лачугин көшесінде орналасқан архив ғимаратын күрделі жөндеу жұмысын қарастыратынын, ал архивке салынып жатқан ғимарат құрылысын  қолдайтынын жеткізді.
 
Мәдениет саласына қарасты нысандарды аралау барысында берілген тапсырмаларды салалық орган өкілдері орындауы тиіс. Көтерілген өзекті мәселелер – облыс әкімінің бақылауында.

  • 13.11.2023
  • 200
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика