- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
Қызылшаның алдын алу туралы
Құрметті қарағандылықтар, әсіресе ата-аналар, бүгінде аймағымызда қызылша ауруына қатысты жағдай алаңдатарлық. Ауру балалардың саны артып келеді. Республикада қызылшаның 300-ден астам жағдайы тіркелді, негізінен 14 жасқа дейінгі балалар, ал жартысына жуығы бір жастан 4 жасқа дейінгі балалар.
Қызылшаның таралуын болдырмаудың тиімді әдістерінің бірі - вакцинация. Медициналық мекемелер қазірдің өзінде балаларға қосымша вакцинация жүргізуде. Мен барлық ата-аналарды осы маңызды бастаманы қолдауға және балаларына қамқорлық танытуға шақырамын.
- 13.11.2023
- 162