• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Аппараттық жиында өзекті мәселелер талқыланды

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және цифрландыруды дамыту жөніндегі шараларды іске асыру мәселелері қаралды.
 
 Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының деректеріне сәйкес, биылғы қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша инвестицияның нақты көлем индексі – 108,2%, құрылыс жұмыстары – 120,6%, тұрғын үйді пайдалануға беру – 105,0%, көлік және қоймалау – 117,9% құрады. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өнеркәсіп, көтерме және бөлшек саудада төмендеу байқалады.
 
«Инвестицияларды тарту өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көтерме және бөлшек сауда көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді. Облыс бойынша биылғы жылы 1,1 трлн. теңге инвестиция тарту жоспарланған. 10 айда инвестиция көлемі 804,4 млрд. теңгені құрады. Барлық жоспарланған инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету маңызды. Жылдың соңына бір жарым ай ғана қалды. Облыстық басқармалар, әкімдіктер облыс экономикасының барлық салаларында өсу қарқынын арттыру бойынша нақты шаралар қабылдауы тиіс», - деп атап өтті облыс әкімі Асхат Шахаров.
 
 Ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бектұрған Зайрымбет баяндады.
 
Бүгінде өңірде қызылша ауруының 2,3 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Оның 73,3%-ы екпе алмаған балалар арасында байқалып отыр. Аурудың алдын алу бойынша шаралар қабылданған, халықты қосымша жаппай иммундау жұмыстары жүргізілуде.
 
Бектұрған Зайрымбет облыста жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сібір жарасы, шешек, нодулярлық дерматит, туберкулез және т.б. қарсы ауруларға қарсы вакцинация толық көлемде жүргізіледі. Бруцеллез – бақылауда. 9 қарашадағы жағдай бойынша 499 мыңнан астам ІҚМ басы тексерілді.
 
 Өңір басшысы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
 
Облысты цифрландырудағы негізгі міндеттерді іске асыру туралы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Әсет Отарбаев баяндады. Ол қала құрылысының көптеген мәселелерін жеңілдету үшін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағдарламалары аясында құрылған геопорталдың дамуы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Әсет Отарбаевтың сөзінше, геопорталды дамыту аясында жыл соңына дейін Ақтөбе қаласындағы Табиғи монополиялар субъектілерінің бірқатар қызметтерін автоматтандыру жоспарлануда («Aqtobe su-energy group» АҚ, «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС, «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС, «QazServiceGroup» ЖШС, «ATK Qyzmet» ЖШС, «Энергосистема» ЖШС), бұл тұрғындарға анықтама алу, көрсетілген қызметтер үшін қашықтан қайта есеп айырысуға мүмкіндік береді.
 
 Цифрлық теңсіздікті төмендету мәселесі назардан тыс қалмайды. Осы мақсатта ауылдарды мобильді интернетпен қамтамасыз ету, Ақтөбе қаласында сигналды күшейте отырып, 4G стандартының базалық станцияларын жаңғырту және өңірдің мектептерін сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

  • 15.11.2023
  • 186
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика