• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысында ферроқорытпа зауытының қызметкерлері үшін жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

2024 жылы Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауыты металлургтерінің тұрғын үй жағдайын жақсартатын арнайы бағдарлама қолға алынады. Оған қатысушылар Отбасы банкінен жеңілдетілген жылдық 5% үстемемен (жылдық тиімді үстемақысы 5,2%-дан басталады) займ ала алады. Бұл жерде металлургтерге міндетті бастапқы жарна мөлшері – 10%.

 Өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, Отбасы банкі төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов пен Еуразиялық Топ (ERG) Бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары Данияр Рахматуллаев қол қойды.  

Бағдарламаны іске асыру үшін әр тарап 700 млн теңгеден қаражат бөледі. Нәтижесінде оның жалпы бюджеті – 2,1 млрд теңгені құрайды. Бұл 110 отбасының баспаналы болуына мүмкіндік бермек.

Зауыт қызметкерлері арасында баспананы үлестіруде әкімдікте кезекте тұрғандарға басымдық беріледі. Металлургтер Ақтөбеде бастапқы немесе екінші нарықтағы пәтерлерді өздері таңдайды.

«Биыл біз Ақтөбе облысында рекордтық көлем – 1,2 млн м2 тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Бұл көптеген отбасының тұрмыс жағдайын жақсартып, аймақтың инвестициялар мен өмір сүру тартымдылығын арттырады. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты сынды өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлеріне, қарапайым еңбек адамдарына жеңілдікпен баспаналы болу мүмкіндігін ұсына отырып, біз олардың орнықты әрі тұрақты дамуына жағдай жасаймыз. Облыс әкімдігі әрдайым осындай әлеуметтік маңызды жобаларды қолдап, өзге де қуатты кәсіпорындарды ERG тәсілін қолдануға шақырады»,- деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов.

 Үйлі болудан үміттілер тізімін «Қазхром» ТҰК» АҚ жанынан құрылатын тұрғын үй комиссиясы жасайды. Бағдарламаға соңғы 5 жылда өзінің және отбасы мүшелерінің атында ҚР аумағында баспанасы болмаған, тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлер қатыса алады.

«Біз бүгін қуанышты себеппен – Ақтөбе тұрғындары, соның ішінде Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қызметкерлеріне жеңілдетілген бағдарламамен баспана алу мүмкіндігін ұсыну мақсатында жиналып отырмыз. ERG қызметкерлерінің өздерін бақытты сезінгені ерекше маңызды. Себебі, пәтер – тек баспана ғана емес, балаларымыз ер жетіп, өміріміздің ең қуанышты сәттері өтетін ыстық ұя»,- 
деді Еуразиялық Топ (ERG) Бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары Данияр Рахматуллаев.

 Тек соңғы 7 жылда Ақтөбе ферроқорытпа зауытында еңбек етіп жүрген 180 металлург баспаналы болған.

«Отбасы банкі күн сайын 250 отандасымыздың жеңілдетілген шартпен баспаналы болуына мүмкіндік беруде. Қарапайым еңбек адамдарының үйлі болып жатқаны – қуантарлық жағдай. Кәсіпорын қызметкерінің баспаналы болуы, оның отбасы мүшелерінің де өз үйі болады деген сөз. Яғни, бұл – тек бір адам емес, бірден 3-4 адамның қуанышы. Біз олардың отбасыларына ырыс-береке тілейміз»,- 
деді Отбасы банкі төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

  • 15.11.2023
  • 195
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика