• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Танымал қазақстандық спортшы Ақтөбе облысындағы 4 мектепке сый жасады

Қазақстан мен әлемнің бірнеше дүркін рекордшысы, ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми амбассадоры, Ақтөбе қаласында жыл сайын өтетін «G-STRONG POWER FEST» спорт фестивалінің амбассадоры Сергей Цырульников Ақтөбе облысына келді.
 
 Өңірге іссапары аясында спортшы өз бастамасымен қолға алған «100 ауыл» жобасын таныстырды. Спортшының өз қаражаты және достарының демеушілігімен іске асырылып жатқан бұл жобаға Мемлекет басшысы оң бағасын берді.
 
Бағдарлама ауылдың әлеуетін көтеруге, салауатты өмір салтын сақтауға, өскелең ұрпаққа спортты насихаттауға бағытталған. Оның аясында бюджеттен тыс қаражат есебінен ауыл мектептері спорттық жабдықтармен (доптар, бокс қолғаптары, секіру құрылғылары, теннис ракеткалары және т.б.) қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, шеберлік сағаттарын, тәрбие жұмыстарын өткізу көзделген.  
 
Бірінші күні спортшы Алға ауданының Маржанбұлақ және Бестамақ орта мектептерінде, екінші күні Хромтау ауданының Ақжар және Қарғалы ауданының Петропавловка ауылдарындағы мектептерде болды.  Қара күштің иесі білім ордаларында ауыл жастарымен кездесіп, шеберлік сағатын өткізді, жетістікке жетудің құпияларымен бөлісті. Оқушыларға әкелген сыйлықтарын табыстады. Сонымен қоса, кездесуге келген белсенді оқушыға спортшы шегеден жасалған жүрекшелерді сыйға тартты.

  • 15.11.2023
  • 184
Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика