• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда экологиялық таза отынды пайдаланатын жаңа автобустар жүретін болады

Маңғыстауда Ақтау қалалық және Мұнайлы ауданының бағыттары бойынша жолаушылар тасымалына арналған 30 заманауи автобустың кілті табысталды. Жаңа автобустар өңір тұрғындырын сапалы және қолжетімді қоғамдық көлікпен қамтамасыз ете отырып, аудан орталықтары мен облыс орталығын байланыстырмақ. Жыл соңына дейін тағы 90 автобус келеді деп жоспарлануда, хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Метан жағармай қозғалтқыштары бар жаңа автобустардың келуімен облыста ескі қоғамдық көліктер саны кемейтін болады. Бұл өз кезегінде ескі автобустардан бөлінетін зиянды шығарындылардың азайып, өңірдің қала аудандарында экологиялық тұрақтылықтың сақталуына септігін тигізбек.

Сондай-ақ, автобустарды отынмен қамтамасыз ету үшін «Каспий Автопарк» ЖШС техно паркінің аумағында орналасқан алғашқы метан газ құю станциясы пайдалануға берілді. Технопрак аумағында газ құю бекетінен бөлек, автобус маршруттарын бақылауға және қоғамдық көліктегі ішкі бейне бақылау жазбаларын көруге мүмкіндік беретін диспетчерлік бөлме бар.

Ақтау қаласының климатына сай жасақталған жаңа автобустарда барлық жағдай қарастырылған. Онда желдеткіш жүйесімен, жеті бейнебақылау камерасы, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған аппарелла мен (пандус) GPS жүйесі бар. Ал автобустардың басты артықшылығы метан жағармайымен жұмыс істейтін қозғалтқыш.

Автобустарды сатып алу және метан жағармай құю станциясын іске қосу облыстық және қалалық әкімдіктердің қолдауымен «Каспий Авто паркі» ЖШС және «Каспий «ӘКК»-ның инвестициялық жобасы шеңберінде жүзеге асырылды.

Жобаның мақсаты - Маңғыстау облысы бойынша жолаушылар тасымалын қоғамдық көлікпен қамтамасыз етуде барынша қауіпсіздікті, ыңғайлылық пен сапаны қамтамасыз ету, сондай-ақ, өңірдің автобустар паркін жаңарту.

Жобаны іске асыру кезінде 460 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Осы мақсатқа жету үшін ағымдағы жылдың соңына дейін «QazTehna» ЖШС отандық өндірушісінен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ лизингтік қаржыландыруды пайдалана отырып, метан қозғалтқыштары бар 120 жаңа автобус сатып алу жоспарланған.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев басты мақсат - Маңғыстау облысында қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалы барысында қауіпсіз, жайлы және сапалы қызметтерді қамтамасыз ету екенін атап өтті.

- Бүгін-өңір үшін маңызды күн, өйткені облысқа 30 жаңа автобус келді. Жыл соңына дейін тағы 90 дана келеді деп жоспарлануда. Осы тұста атап өткім келетіні, 2020-2022 жылдар аралығында облысымызда бірқатар бағыттағы автобустар жаңартылып, су жаңа отандық 46 жаңа автобус іске қосылды. Сонымен қатар, бүгін өңірдегі алғашқы метан газ құю станциясының ашылуы. Маңғыстау облысында сұйытылған газды тұтыну еліміз бойынша жоғары көрсеткіштерге ие. Ал метан отынын пайдалану сұйытылған газға жүктемені азайтуға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Біздің мақсатымыз-Маңғыстау облысында жолаушыларды қоғамдық көлікпен тасымалдау бойынша қауіпсіз, жайлы және сапалы қызметтерді қамтамасыз ету, автобустарды күту уақытын қысқарту және жолаушылар тасымалы нарығына жаңа сапалы автобустар ұсыну, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

  • 15.11.2023
  • 164
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика