• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев: Маңғыстаудың туристік әлеуетін толыққанды пайдалану маңызды

2023 жылдың алғашқы жарты жылдығында Маңғыстау облысына 180 мыңға жуық турист келген, бұл өңірдегі туристік саланың қарқынды өсуінің айқын дәлелі болып табылады. Олар Қазақстанның әр түкпірінен және басқа елдерден келген туристер. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев қатысқан аппараттық кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы Мәулен Ғабдулқалиевтің айтуынша, өңірімізге Ресейден, Ираннан, Жапониядан, сондай-ақ Шығыс Еуропадан келетін туристердің саны артқан. Сонымен қатар, туризм саласындағы қызметтер көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,3 есеге ұлғайып, 4,8 миллиард теңгеге жеткен.

2023 жылы облыста бірнеше ірі туристік іс-шаралар өткен. Олардың қатарында танымал «Орел и Решка» телешоуы мен Беларусьтік Dream and Travel тобының бейнетүсірілімі, белгілі автоблогерлер мен журналистердің қатысуымен өткен автошеру, «Esquir Picnic» республикалық отбасылық фестивалі, Japan fit Silk Roads ЮНЕСКО халықаралық конференциясы және Қазақстанда туризмді дамыту жөніндегі халықаралық форумы бар.

Сондай-ақ, өңірдің туристік тартымдылығын арттыру мақсатында биыл өңірде гидтер мен экскурсоводтарды сертификаттауға бағытталған 10 күндік семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинарда туризм саласындағы әлемдік деңгейдегі сарапшы-мамандар 50-ге жуық гид және экскурсоводтармен тәжірибесімен бөлісті.

Мәулен Ғабдулқалиев туристер санын ұлғайту және туристік әлеуетті дамыту жөніндегі бастамалар мен жобалар жалғасын табатынын атап өтті. Оның айтуынша, 2027 жылға дейін салаға 100 миллиард теңге инвестиция тарта отырып, 700-ден астам жұмыс орнын құру, сондай-ақ 13 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Маңғыстаудың туристік әлеуеті зор екенін және оның мүмкіндіктерін толыққанды пайдалану керек екенін атап өтті.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс. Еліміздегі туризмнің әлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп. Бұл салаға тың серпін беру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет»,- деген болатын. Осы бағыттағы белсенді жүргізіліп жатқан шараларға қарамастан, жұмысты одан әрі жандандыру қажет. Маңғыстау аспан астындығы мұражай, мұнда көптеген қасиетті орындар мен киелі жерлер бар және осы бағыттарда көптеген турлар жұмыстар ұйымдастырылады. Дегенмен, осындай көрікті жерлерімізде біз вандализм және қоқыс тастау оқиғаларын жиі көріп отырмыз. Осындай жағдайлардың алдын-алу үшін, біз қоршаған ортамызды аялап, өзіміздің артымыздан тазалап кетуіміз маңызды. Біздің аймаққа туристердің қызығушылығы жыл санап артып келеді. Сондықтан киелі жерлерімізге ұқыпты қарап, туристермен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру маңызды, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

  • 17.11.2023
  • 188
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика