- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің энергетикалық ынтымақтастығын дамытудың 2030 жылға дейінгі Cтратегиясының жобасын келісу басталды
Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Астана қаласында Қазақстан Республикасының төрағалығымен бейнеконференция форматында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдерімен «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің энергетикалық ынтымақтастығын дамытудың 2030 жылға дейінгі Cтратегиясы» жобасын келісу басталды. Кездесу барысында тараптар стратегия жобасының құрылымына тұжырымдамалық талқылау жүргізіп, құжатты одан әрі келісуге дайын екендіктерін мәлімдеді. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер өкілдерінің келесі кездесуі ағымдағы жылғы 12 желтоқсанға жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, құжат жобасы 2022 жылғы 15-16 қыркүйекте Самарқанд қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Кеңесі шеңберінде көтерілген Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың бастамасымен әзірленген болатын.
Құжат одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын және аймақтың энергетикалық даму саласындағы бірлескен күш-жігерге ұмтылуды көрсетеді. Құжат энергетикадағы өзара іс-қимылдың неғұрлым перспективалы бағыттары бойынша бірлестіктің жүйелі тәсілін айқындауға және күн тәртібін кеңейтуге бағытталған. Жоба туындайтын сын-тегеуріндерге тиімдірек жауап беруге және ынтымақтастықты қазіргі заманғы реалилерге бейімдеуге мүмкіндік береді.
- 17.11.2023
- 199